Ауа құрамын өлшейтін құралдар тозып тұр

Алматының атмосфералық ауасының ластану деңгейін анықтайтын құрал-жабдықтар ескі. Оларды жаңалауға мемле­кеттен қаржы бөлінбей отыр. Алматыда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр Ереншіновтің қатысуы­мен өткен жиында «Қазгидро­мет» кәсіпорнының басшылары осыны айтты.
Соңғы кездері оңтүстік астананың атмосфералық ауасының ластану индексі­нің төмендеп келе жатқанын жиі еститін болдық. Дегенмен алматылық гидроме­теорологтердің өзі бұл салаға тиісті көңіл бөлінбей отырғанын айтты.
Қонысбек Байеділов, «Қазгидромет» РМК директоры:
– Біз Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша атмосфераның құра­мын күнделікті тексеріп, ауаны зиянды қалдықтармен ластаушы ең ірі орын­дар­ды анықтап отырамыз. Өндіріс орындарына дер кезінде ескерту жаса­лып, шаралар қолданылады. Соның арқасында 2011 жылдың көрсеткіші 2010 жылға қарағанда едәуір жақсар­ған. Десек те, өлшегіш құралдардың саны аз. Ал қолда бар құралдар ескір­ген. Мемлекет тарапынан басқа облыс­тарға қаржы жиі бөлінеді. Бірақ еліміз­дегі атмосфералық ахуалы ең нашар Алматы қаласының экологиясын қор­ғауға келгенде шабандық байқалады.

Отырыста оңтүстік астананың қоршаған ортасына қатысты басқа да ұсыныстар айтылды. Мәселен, көліктерді газбен жү­ру­ге толық көшіру, жасыл желектің санын арттыру, халық санасына қоқысты арнаулы бөлінген контейнерлерге тастауды сіңіру, құрылыс қалдықтарына арнайы жәшіктер қою, тағы басқа. Ерекше ойлантатыны – Қарасай ауданындағы қоқыс полигонының толуы. Қазір Іле ауданында қалдық қабыл­дайтын жаңа аймақ салу туралы ұсыныс бар. Мамандардың айтуынша, қаладан 70 шақырым жердегі заманауи полигон әлем­дік стандартқа сай, аумақ тұрғындарына залалсыз болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста