30 миллион доллар пара алды деген айыппен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Абылай Мырзахметов өткен жылдың ақпан айынан бастап «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы лауазымын тапсырған болатын. Ол өзінің бұл шешімін Ұлттық палатаның IX кезектен тыс съезінде өз атына келіп түскен сынмен байланыстырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Абылай Мырзахметовтен 30 миллион доллар тәркіленген. Бұл 13 миллиард теңгеден асатын қаражат.