2019 жылы Астаданың сол жағалауындағы төрт көшені біржолақты қозғалыс ету жоспарлануда. Бұл туралы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шүпеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«2019 жылы Ақмешіт, Түркістан, Қонаев, Достық сияқты бірнеше көшені біржолақты қозғалыс ету жоспарлануда», - дейді Елжан Шүпеков.
Бұған дейін Астанадағы Абылай хан, Құдайберді даңғылдарын 5,3 шақырымдық біржақты қозғалыс ету туралы хабарланған болатын. 2016 жылдың 28-мамырында Әуезов көшесінде (Республика даңғылы мен Әлия Молдағұлова көшесі аралығы) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу көшесі мен Кенесары көшесінің аралығы) біржолақты бағыт пайда болды. 2016 жылдың 11 маусымында Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылы мен Пушкин көшесі аралығы), Кенесары көшесі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылы аралығы) және Янушкевич көшесі (Абай даңғылы мен А.Иманов көшемі көшесі аралығы) біржолақты болып өзгерді. 2016 жылдың 20-тамызында Бөкейхан мен Ағыбай батыр көшелері біржолақты қозғалыс болып өзгерді.