Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы Kaspi Bank ғимаратында адамдарды кепілге алу ісі бойынша сотта куәгер болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер Ішкі істер министрлігі басшысынан істің жаңа мән-жайын білуге, бұған дейін жеті адамды кепілге алған адам жайлы білуге тырысты.
"Қазір мен ештеңе айтпаймын, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен де қатысушымын. Мен де ол жерде куәлік беруім мүмкін", - деді министр үкімет кулуарында журналистерге.