Бүгін елордалық 30 жұп Астана күні қарсаңында шаңырақ көтерді. Неке қию рәсімі «Атамекен» кешенінің алаңында өтті. Неке қию рәсіміне дейін жас жұптардың ата-аналары мен туыстары ақ тілектерін арнап, ақыл-кеңестерін айтты. Алаңда орнатылған сахнада жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі табысталып, дәстүр бойынша өмірдегі ең маңызды күннен естелік ретінде фотоға түсті. Салтанатты рәсімнен соң барлық жұптар Қазақстанның ең биік туының тұғырына шығып, 111 метрлік жерден жүрек пішінді шарлар ұшырды. Сонымен қатар жас жұбайлар мерекелік флешмоб тамашалады. Шара кезінде 15 жуық адам музыка әуенімен жүрек формасында сап түзеді. Дәстүр бойынша жас жұбайлар мерекелік торт кесіп, қуаныштарын жақындарымен бөлісті. Шара соңында жұптарға естелік сыйлықтар табысталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеп отыр.
24.kz