Арнайы операция барысында аса ірі мөлшердегі есірткі тасымалдаған қызылордалық жас жігіт ұсталды

Қызылордада есірткі таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізілген арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелерінің бірінде «КИА» маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлікті тінту кезінде таратуға дайындалған, 165 түйіншекке оралған есірткі заты анықталып, тәркіленді. Оқиға орнында 20 жастағы облыс тұрғыны құрықталды.

Анықталғандай, күдікті облыс орталығында тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден жазулары бар пакеттер ішінде ақ түсті ұнтақтар, электронды таразы, фольга, изолента тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес айғақты зат ретінде тәркіленген синтетикалық есірткі заттары: «мефедронның» жалпы салмағы 233,28 гр. және «PVP» - 249,7 гр. құрады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3,5-тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу,электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп көрсетті Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста