Ақтөбе облысында шенеуніктер су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты жеп қойғаны үшін сотталды

Ақтөбенің Темір ауданында шенеуніктер Кеңкияқ пен Шұбарқұдық ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Бюджеттің 14 миллион теңгесін жеп қойды деп айыпталған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болған Жәнібек Айдашев пен оның екі сыбайласы сотталды.

Сот материалы бойынша, аталған бөлім басшысы коммуналдық мекемесінің директорымен сөз байласып, өзінің досына тиесілі мердігер мекемемен құбырдың жөнделгені туралы жалған құжаттар жасаған. Сөйтіп, үшеуі бюджет қаражатын өзара бөліп алған. Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бірақ, жазадан қашып құтыла алмады.

Үшеуі де "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар өз кінәсін мойындап, ақшаны қайтарды. Нақты мерзімді тек бұрынғы шенеунік қана алды. 


“Сот үкімімен Айдашевқа 2 жыл 6 ай, Советоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де өмір бойына мемлекетік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Тілеуғалиге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева. 

Мемлекеттік кәсіпорынның директорының жазасы баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Бірақ мердігер шартты түрде босатылды. Аудан билігінің айтуынша, тарихтан кейін Кеңқияқ және Шұбарқұдық кенттерінде су құбырын жөндеу жұмыстары басталған жоқ. 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста