Ақмола облысындағы әлімжеттік: Жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды

Ақмола облысы Степногорск қаласында интернатта өзінен кіші балаларға әлімжеттік көрсеткен оқушылар оқу орнынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. 

 
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевтың айтуынша, оқушыларды ұрғаны үшін еркін күрес бөлімінің төрт тәрбиеленушісі және барлық іс-әрекеттерді бақылап тұрған үш бала оқу орнынан шығарылды.

"Бұл балалар интернатқа қайта оралмайды. Балалар қарапайым мектептерге оралды. Олардың екеуі Нұр-Сұлтанға, үшеуі – Красноярға, біреуі – Ақкөл қаласына кетті, біреуі Степногор қаласында тұрады. Комиссия оларды есепке алуды ұсынды", - деп атап өтті Бүкібаев.

Сонымен қатар тексеру қорытындысы бойынша интернат-колледжінің директоры Т.Тоққожинов қызметінен босатылды. Өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәрбиеші Ж.Хабахай, еркін күрес бөлімінің жаттықтырушы-оқытушысы А.Қалижанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы. А.Құрманбаева және директордың спорт жөніндегі орынбасары М. Мақышев қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазіргі таңда Ақмола облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141 бабыбының 1 бөлігі "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және 194 бабының 2 бөлігі "қорқытып алушылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Еске салсақ, бұған дейін Степногорск қаласындағы мектеп-интернатының оқушылары өздерінен кіші балаларға әлімжеттік көрсеткені айтылған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста