Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тергеу барысында коммуналдық мүлікті (сот үкімі бойынша тәркіленген 3 коттедж және 2 пәтер) жалған бағалау актілері негізінде тікелей үлестес тұлғаларға әдейі төмендетілген бағамен сату тәртібін бұзу фактілері анықталды. Нысандардың құны бірнеше есе төмендетілген", – делінген баспасөз хабарламасында.
Олардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке келтірілген шығын көлемі 819 миллион теңгені құрады. Жылжымайтын мүліктің құнының айырмашылығы осындай. Тергеу барысында қабылданған шаралармен келтірілген залал толығымен өтелді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қызмет Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әрбір адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәсі заңды күшіне енген соттың үкімімен анықталғанға дейін кінәсіз деп есептелетінін ескертті.