Алматының жыл мұғалімі анықталды

Республика сарайында «Алматы жыл мұғалімі – 2012» байқауы мәресіне жетті. Оған Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысып, жеңім­паздарды марапаттады.
Жыл сайын Алматы қаласы әкімінің қолдауымен өтетін дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі – жаратылыстану ғы­лымдарына тиесілі мате­матика, физика, информа­тика, химия, биология, география пәндерінің мұғалімдерінің өзара бәсекеге түсуі болды. Бұл байқау алып шаһардың ең үздік мұғалімдерін анықтап қана қой­майды, ұстаздық үлгі-өнегенің сабақтас­тығын жаңғыртуға, сабақ жүргізудің тиімді жаңа әдістемелері мен технологияларын ойлап табуға айрықша ықпал етеді.
Алматыда кейінгі жыл көлемінде шаһар­да заманауи технологиялармен жабдық­талған 20 білім ошағының ғимараты салынған. Осы күні тоғыз мектептің, бір кәсіби лицейдің, тоғыз балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Жалпы білім беру мекемелерінде 12,5 мың мұғалім қызмет етіп жатыр. 2009 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артса, 2010 жылы тағы тура соншалықты кө­терілді. Ал 2011 жылы болса, ұстаздар қауымының айлық жалақысы 30 пайыздық өлшемде өскен еді. Келер оқу жылынан бастап мұғалімдер мен оқытушыларға білім беру деңгейіне орай қосымша жалақы тағайындалады. Осы мақсатта Алматы қаласының бюджетінен 231 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Аудан­дық дәрежедегі байқауларда суырылып шыққан 70 мұғалімнің тек 12-сі ғана ақтық сайысқа жолдама алған. «Алматы жыл мұғалімі – 2012» байқауының бас жүлдесін №165 лицейінің физика пәні мұғалімі Ринат Ибрагимов жеңіп алса, ал 1-орынды №126 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Зәмзәгүл Қиябаева қанжығалады. 2-орынды №148 мектеп-гимназиясының инфор­матика пәнінің мұғалімі Гүлжан Дорветхан мен №105 мектеп-гимна­зиясының химия пәні мұғалімі Динара Әкімжанова өзара бөліссе, 3-орын­ды №112 жалпы білім мектебінің география пәні мұғалімі Әйгерім Едігеқызы қанағат тұтты. Жеңімпаздардың басы баспаналы болып, шетелде демалуға жолдама алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста