Алматының интервенциялық хирургтары мұрыннан үздіксіз қан кетумен ауыратын пациентке сирек операция жасады

Алматының интервенциялық хирургтары мұрыннан  үздіксіз қан кетумен ауыратын пациентке сирек операция жасады

Алматы қаласы  №7 Қалалық клиникалық ауруханасының (№7 ҚКА) интервенциялық хирургтары клиникалық  тәжірибеге  хирургияның аз инвазивті әдісін - мұрыннан қан кету кезінде сыртқы ұйқы күретамырының тармақтарына  эмболия енгізді.        

Пациенттің жасы 50 –де. Клиникаға түскен кездегі жағдайы- мұрыннан жиі қан кету, әлсіздік, бас айналу және жүрек айнуы болды. 20 күн бойы мұрыннынан жиі  қан кеткеніне қатты алаңдады. Гемоглобиннің көрсеткіші-45 г/л, еркектерде болуы тиісті мөлшер 130-140 г / л. Бұған дейін амбулаториялық жағдайда  және аудандық ауруханада қысқа мерзімді әсер беретін тиісті емдік манипуляциялар жүргізілді. Пациенттің мұрынынан  қан кетуін тоқтату  мақсатында алдыңғы және артқы дәке тампонадасы орнатылды. Бірақ тампонды алып тастағаннан кейін, қанның  ағуы қайта пайда болатын.         

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына келгеннен кейін пациент с шұғыл түрде операция алдындағы дайындықтан  өткеннен кейін бірден интервенциялық араласуға алынды,-деп хабарлады №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.     

Бұл операцияның ерекшелігі-ол пункция арқылы жасалады, яғни тамыр арқылы эндоваскулярлық қол жетімділік  мүмкіндігі бар. Бұл өте сирек  жасалатын операция түрі. Тек жоғары мамандандырылған клиникаларда  жасалатын күрделі араласу, бұл операция түрі хирургтан зергерлік ұқыптылықты, математикалық  дәлдік пен мұқият есептеуді  талап етеді. Қабаттасқан сыртқы ұйқы күретамыры ішкі ұйқы күретамырының жанында орналасқан, бұл ми күретамырының  жабылуына әкелуі мүмкін. Бұл қажетті күретамырға іріктеп өтуді қажет етеді. Операцияның бірегейлігі мен күрделілігі осында. Бұл  үшін дәрігерлердің шеберлігімен бірге арнайы медициналық микрокатеторларды қолдану керек.

 

   «Жамбас артериясы арқылы біз мұрын қуысының артқы қабырғасын қанмен қамтамасыз ететін сыртқы ұйқы күретамырына іріктеп кірдік. Тура сол аумақтан, арнайы эмболалармен қан ағынын эмболия енгіздік, нақтырақ айтқанда ( жауып тастадық).

 

        Ангиография кезінде  осы аумақтың  әсіресе сол жақ тамырлардың гипер-васкуляризациясын  көрдік.  Біз екі жағынан  ендік,  екі жақтан  қан ағынын тоқтаттық, үнемі қан кетуі  тоқтады.Бұдан кейін мұрын қуысындағы  тампон  дереу алып тастадық. Операциядан кейін, әрине, ұйынды қан 2 күн бойы шықты, бірақ бұрынғыдай  созылмалы қан кетуі болған жоқ. Пациентке қан тамызылды, гемоглобин 90 г/л дейін көтерілді. Операциядан кейін 5-ші күні  үйіне шықты. Бүгін пациенттің  жағдайын білу үшін қоңырау шалдым. Ол бала секілді қуанышын жасырмады. Әрине, бұл өте жақсы! Пациент өзін жақсы сезінеді, құрамында темір  бар препараттарды  қабылдауды жалғастыруда",- деді №7 ҚКА-ның интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Анартаев.

Мұрыннан қан кетудің негізгі себептері:

жақ-бет аумағының жарақаттары мен ісіктері;

мұрын қуысының шырышты қабатының атрофиясы, соның ішінде мұрынға тамыр тарылтқыш  дәрілерді бақылаусыз қолдану салдарынан;

мұрынның құрылымдарына хирургиялық араласу;

қан аурулары;

артериялық гипертензия

есірткіні мұрын арқылы иіскеу

құрғақ үй ауасы

оттегі ыдысын үздіксіз пайдалану және т.б.

      Хирургиялық араласудың осы әдісінің артықшылықтары операцияның анестезиясыз жүзеге асырылуы болып табылады, бұл оңалту кезеңін жылдамдатып қана қоймайды, сонымен қатар тәуекелдер мен операциядан кейінгі асқынуларды азайтады. Ағзадағы гемоглобиннің төмен деңгейі  және оттегінің азаю белгілерімен анестезияны қабылдау өте қауіпті екенін ескере отырып.

      Сәтті өткен интервенциялық  араласу  пациенттің өмірін сақтап қалды,  ағзадағы гемоглобиннің төмен деңгейі - инсульт, жүрек тоқтауы түріндегі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, бұлардың салдары өлімге әкеледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста