Алматылық хирургтар өт жолдарында туабітті ақауы бар 4 жасар балаға жаңа әдіс бойынша ота жасады

Оңтүстік астанадағы №2 Балалар қалалық клиникалық аурухананың хирургтары «Туабітті жүрек ақауы. Жалпы өт жолдарының кисталық трансформациясы» диагнозы қойылған 4 жасар балаға күрделі ота жасады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Өт жолдарының туабітті кистоздық трансформациясы өт шығару жүйесінде сирек кездесетін дерттің бірі. Жалпы өт жолдарының кеңейіп кетуі салдарынан жүйе жұмысы бұзылып, уақтылы емдемесе соңы билиарлық бауыр циррозына әкеп соқтыруы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, бұған дейін бірнеше стационарда ем қабылдаған бала мұнда механикалық сарыауру белгілерімен түскен. Іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Оған қоса тәбеті төмендеп, терісінің түсі сарғайып кеткен.
Бөлімше дәрігерлері бүлдіршінді толық тексеруден өткізді. Кеуде қуысына ядролық-магниттірезонанстық томография жасалды. Нәтижесінде нақты диагноз қойылып, жаңа әдістеме бойынша ота жасалды. Баланың жағдайы жақсы, қазір ол отбасына оралды, делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатына жасалды. Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдік санатына жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста