Алматыдағы «Сарыарқа» базары жаңа кейіпке еніп, заман талабына сай сауда орнына айналады. Қазір сәулетшілер оның жобасын әзірлеуде.
Шаһар басшысының қаулысы шыққан кейін, мамандар сүру жұмысына кіріседі. Базар 1 гектар аумақты қамтыған.Оның 40 сотығы қызыл сызықта орналасыпты. Енді бұл жер мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін, оның орнына жүргіншілер жолағы салынып, көлік жүретін жол кеңейе түспек.
«Базардың қалған аумағында иелері өздерінің ғимараттарын жаңғыртуы керек. Не болмаса, оны бұзып, орнына жаңа базар салуы керек. Қазір аудан әкімдігі мен жер комиссиясының тарапынан қызметтер көрсетіліп жатыр», - деді Алматы қ. сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу.
Әуезов ауданында мұндай өзгертулер «Тигрохауд», «Арыстан» базарына енгізіледі. Бүгінгі күні сауда орын жетекшілеріне ескертулер жасалып, олардың нобайлары жасалуда.
almaty.tv