«Аягөздің сотына сенбеймін» – сотталып жатқан қаланың экс-әкімі үшінші судьядан бас тартты

ШҚО Аягөз қаласының экс-әкімі Қуаныш Азыхановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Алайда, күдікті Қ.Азыханов та, оның қорғаушылары да аталған қылмыстық істі қарап жатқан судья Медет Рахатаевтан бас тартты. Олар кезекті сот процесінде Аякөз қаласының судьяларына мүлдем сенбейтіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
Сенімсіздіктің басты себебі – тергеу аяқталып, құжаттар сотқа жеткеніне қарамастан, соттың төрағасы экс-әкімге қатысты кейбір мәліметтерді ауыстыруға жол берген көрінеді. Ал, іске қатталған мәліметтерді қайта алуға немесе ауыстыруға заң жүзінде рұқсат жоқ. Соған қарамастан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жедел тергеушілері куәгерлер айтқан сөзді қайта өзгерткен дейді айыпталушы тарап. Бұл оқиғадан соң аталған тергеушілердің үсінен қылмыстық іс қозғалған.

«Мен Алик Жатқамбайұлынан Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агеттіктің тергеушілері Қуаныш Ерденбеков пен Дархан Ибраиовты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрадым. Ол екеуі 2021 жылдың 4 ақпанда Аягөз ауданы сотының ғимаратына келіп, менің әкеме қатысты қылмыстық істі алып, тігілген құжаттың жібін шешіп, іске тікелей қатысты куәгер – жеке кәсіпкер Жандос Бүлекбаевтың тергеу кезінде берген жауабын ауыстырып жіберген. Тергеу құжаттарына да өзгеріс енгізген. Хаттаманың түпнұсқасы біздің қолымызда болған, соның негізінде, әрі сот кезінде жауап берген Бүлекбаевтың бейнетаспасы арқылы бұл заңсыздықты білдік. Хаттама екі түрлі, айырмашылықтары көп. Сот хатшыларының түсініктемесіне сәйкес, Ерденбеков пен жедел уәкіл Ибраиов құжаттарды көшірме жасаймыз деп алдап, ине-жібімен келіп, №3 прокурор бөлмесінде томдардың жібін шешіп, қулықтарын іске асырған соң оны қайта тіккен. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінде тергеушілер істі сотқа жібергеннен кейін ол құжаттарға жақындауына қатаң тыйым салынған. Бұл екеуі агенттіктің атына кір келтірді, өйткені бұлардың құжатты бұрмалағаны, куәгерлердің қол қоймағаны анықталып жатыр. Сонда, адамды соттату үшін бұл қызметкерлер қылмыс жасауға барып тұр. Бұл заңсыздықты тоқтатуды сұраймын», - деді экс-әкімнің қызы Айнұр Азыханова.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аягөз қаласының әкімі 1,2 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінгенін хабарлады. Антикордың ақпаратынша, пара жеке кәсіпкерден актілерге қол қойғаны үшін алынған. Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК 366-бабының (Пара алу) 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылып жатқан экс-әкім Қуаныш Азыхановтың өзі де түсініктеме берді. Ол өзінің досынан миллиондаған айыппұлды төлеу үшін екі адамның көзінше  қарыз сұраған көрінеді. Алайда, ұзақ жылдан бері араласып келген досы – Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу театрының директоры Кенен Алпысбаев оның үстінен арыз түсірген.

«Театрдың директоры Кенен Алпысбаев менімен ұзақ жылдан бері дос болып жүрген, дастарханымнан талай рет дәм татқан адам. Оны 2012 жылдан бері танимын. Мен қолхат арқылы қарызға Алпысбаевтан 500 мың теңге қарыз алғам. Кейін ол кабинетіме тағы 700 мың теңгені әкеліп тастап қашты да, артынша жемқорлыққа қарсы агенттіктің адамдары келді. Мен ақшаны алған да, ұстаған да жоқпын. Құжатта менің ақша талап еткенімді, уақытын Алпысбаев та, тергеушілер де дәлелдей алған жоқ. Себебі, мен пара талап етпедім ешкімнен. Осы аудандық соттың судьясы Жанар Жұмәділова бастаған адамдар Аягөз қаласындағы әртүрлі құрылыс жұмыстары, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сынды бағдарламалар бойынша жасалып жатқан жұмыстар мен қала көркейту тәртібіндегі кемшіліктер үшін менің жеке басыма 400 мың теңгеден бірнеше рет айыппұл салған. Әкімдіктің кемшілігі үшін жеке басыма салынған әкімшілік айыппұлдың көлемі 7 млн 866 мың теңге. Енді мені сол айыппұлмен қинаған судьялар қылмыстық істі де қарап жатыр. Мен Аягөздің судьяларына сенбеймін. Қант диабетіне шалдықтым, қан қысымым көтеріліп,  денсаулығым күннен күнге нашарлап барады», - деді 30 жылдай мемлекеттік қызметте болған экс-әкім Қуаныш Азыханов.
Үш қыздың әкесі Қ.Азыханов Аякөз қаласын 2 жылдай басқарған. Ол 7 айдан бері қамауда отыр. 60 жастағы күдікті өзіне қатысты бұл істерді арандату деп санайды. Алпысбаев басқаратын театрға ЖК «Көркем» жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ол компанияның иесі әкімді мүлдем көрмегенін айтқанмен, тергеушілер параны экс-әкім делдал арқылы алды деп санайды. Адвокаттар экс-әкімді кепіл арқылы үйқамаққа шығаруды талап еткенмен, ол өтінішін сот қанағаттандырмаған.

«Аягөз аудандық сотының төрағасы Берғали Мергенбаев осы істі басынан бастап қарап жатқан еді. Кейін біз бұл судьядан бас тарту туралы арыз бергенде, ол өтінішті судья Медет Рахатаев қараған. Біз одан да бас тарту туралы өтінішімізді үшінші судья Жанар Жұмәділова қарады. Біз бұл судьядан да бас тарту арызын жаздық. Себебі, 2020 жылдың 17 қыркүйегінде экс-әкімге бұлтартпау шарасымен санкция берген осы Жұмәділова. Заң бойынша санкция берген адам бұл іске қайтып қатыса алмайды. Бірақ, судьялар біздің пікірімізді тыңдап жатқан жоқ. Біздің бас тарту туралы арыздарымды қанағаттандырып, басқа облысқа жіберу керек, өйткені оған заңмен тыйым салынбаған. Бас тарту арызы деген судьяларға сенімсіздікті білдіреді. Бұлар кезекпен ауысып, адамның тағдырын ойынға айналдырды. Куәгерлер экс-әкімді ешқашан көрмегенін, пара бермегенін айтады. Яғни, Азыхановтың қылмысы тергеуде толық дәлелденбеген», - деді адвокат Бауыржан Азанов.

Жауапкерлердің сөзінше, сот ғимаратында, судьяның кабинетінде жатқан істерді ауыстырған тергеушілердің өзі жауапқа тартылып жатыр. Тергеуші Ерденбековтың үстінен ҚР ҚК 362-бабы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) 1-бөлігімен іс қозғалды. Тергеуді ШҚО Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр. Адвокат Бауыржан Азановтың айтуынша, тергеушілер соттағы ең маңызды құжат саналатын куәгерлердің хаттамасын 4 ақпан күні ауыстырған. Қылмыстық іс 4 томнан тұрады. Экс-әкімнің қызы тергеу изоляторында жатқан әкесінің соңғы 3 айдан бері жуынбағанын, аталған іс әділ өту үшін басқа өңірдің судьялары қарау керегін айтты.

«28 қаңтар күні куәгер, әрі жеке кәсіпкер Жандос Бүлекбаев 2020 жылдың 1 қазанында берген жауабы өзінікі емес екенін, қол қоймағанын соттың алдында айтты. Ол уақытта Семей қаласында болған жоқпын, менен ешкім жауап алған жоқ, хаттамадағы менің қолым емес деді. Ертеңінде жолдың жабық болғанына қарамастан Өскеменнен арнайы келіп, кешегі айтқан сөздерімнен бас тартам, ішіп алыппын, бәрі есіме түсті деп тағы шықты. Жалған куәгерлік үшінде қылмыстық жауапкершілік бар екенін судья да, олар да ескермейді. Бүлекбаевтың орнына Дарын Сағдолдин деген куәгердің қол қойғаны сот сараптамасы арқылы анықталды. Ал, 4 ақпан күні тергеуші келіп судьядан қылмыстық істің түпнұсқасын алады да, Бүлекбаевтың қолы қойылған басқа куәгерлік құжатты салған. Хаттамалардың ауыстырылғаны 11 ақпан күні өткен кезекті сот мәжілісінде белгілі болды. Сот хатшысы Нұрлан Қабден сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері құжаттарды алғанын растады. Жалпы әкеме «Көркем» ЖК-нен ақша талап еткені туралы арыз жазылды. «Көркем» ЖК-нің директоры әкемнің көзін де көрген жоқпын және оны білмеймін деп шықты. Арызды 3 қыркүйекте Аягөз аудандық мәдениет үйінің директоры жазды. Оның «Көркем» ЖК-мен ешқандай байланысы жоқ, ал атқарылған актіге 26 тамызда қол қойылған. Бір аптадан кейін әкім актіге қол қою үшін ақша сұрап отыр деген мәлімдеме шықты. Бұның бәрі арандату, қазір қызметтен кетірудің, адамның түбіне жетудің ең оңай жолы жемқорлықты сылтаурату», - деді қоғамдық қорғаушы Айнұр Азыханова.
Сот процесінің ашық өтіп жатқанына қарамастан, журналистердің сотқа онлайн қатысуына судья Медет Рахатаев рұқсат бермеді. Талас-тартыспен өтіп жатқан даулы іске Жоғары Сот араласқан соң ғана БАҚ өкілдері сотқа қатысуға мүмкіндік алды. Бір күнде 5 рет үзіліске шыққан судьядан, аудандық соттың өзге де әділ қазыларынан күдікті экс-әкім де, оның адвокаты да бас тарту туралы арыз жазғанмен, олардың талабы тағы қанағаттандырылмады.

«Жеке маған берген арыздарыңыз қаралды. Арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Екі күн болды, бас тарта бересіңдер. Істі созуға әдейі әрекет етіп жатырсыздар ма? Осыдан кейін тағы да бас тарту арызы бола ма?», - деген судья Медет Рахатаев тағы да үзіліске кетті.

Сот процесі ертең жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста