30 науррыздан бастап Қазақстандағы қалаларда дайын құжаттарды алу үшін бір ғана халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, Телеграм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн-қызметтер саны артады», - деді министр.
Министрдің сонымен бірге 1414 байланыс орталығы жұмыс істейтінін атап өтті. Сөзінше, байланыс орталығы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес бере алады.
«Сонымен бірге, 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады. Одан кейін, әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде жасайды. Құжаттар қолма-қол беріледі», - деді Абаев.
ЭЦҚ-ны онлайн түрде қалай алуға болады
Қазіргі таңда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуге көшуде.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 109-ға жетіп отыр. Олардың көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында. Бұған дейін елордада соңғы науқастар вирусқа қалай тап болғандығы жайлы айтылған еді.