Бүгін еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аумақтары атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың жекелеген аумақтарына тұман түсіп, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 25 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Қарағанды және Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында түнде -3 градус үсік жүреді.
Сонымен қатар, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.