Болат ЖЕТЕКБАЙ: Жоғалтқаным жолда қалып қойғандай, жалтақ-жалтақ қарай бердім артыма

Болат ЖЕТЕКБАЙ: Жоғалтқаным жолда қалып қойғандай, жалтақ-жалтақ қарай бердім артыма

БАЯҒЫ АУЫЛ
Баяғы ауыл: кішкентайдан көз көрген,
Адамдары әлдеқалай өзгерген...
Өзгерген бе?
Секемденіп, сыр бақтым.
Әйтеуір бір жатсынуды сезгем мен.

Нені сездім, неге қайтты тауаным,
Кім біледі, кім береді жауабын?!
Баяғыдай... емес бәрі, байқадым,
Басқа көңіл, бөлек тірлік ауанын.

Басқа көңіл, бөлек тірлік ауанын
Байқаған соң, өз бойыма қарадым.
Сезіне алмай жүргем жоқ па, тегінде,
Бәз баяғы дос пейілін даланың.

Қандай еді сол баяғы дегенім?!
Күледі аспан, көзіндей боп көненің...
Күрсіндім де, түстім таныс соқпаққа,
Күткен мені құмдарыма жөнедім.

ЕҢ ҮЛКЕН БАҚЫТ
Байқаған жанға бақыт дегенің – бір сәттік,
Бақыт боп қонып, білдірмей ұшып жүр шаттық.
Қызығыңды да қайғыға малып беретін
Қырсыққан өмір... сонда да одан мұрсат күт!

Болады бәрі, болады, бірақ, жоқ баян,
Күйзелсең, ойлар – кеудеңе енген көп шаян.
Шағады жанды, жаяды уын, жайлайды...
“Күлкі ғой дәру, керек-ау күлкі!” – деп қоям.

Қайратың барда, тағдырға қайтпай қарсы бас!
Сен жылағанмен, ол келіп мұңың аршымас.
...Шамшырақ- жаннан шайылып түскен шаттықтай,
Шошытты мені шарапқа тамған тамшы жас.

Өшпесе отың, өмірден алар сый аз ба?
Бір сәттік бақыт алданыш болар біразға.
Бақыттың көбі – арудың жамалында-дүр,
Қарайды қалай қаракөз қыздар бұ назға?!

Көз көрген өмір бүлкілдеп ағар қаныңда,
Күт мұрсатыңды, күйкі ойға бекер салынба!
...Бір сәттік емес, бір ғұмырға да татитын
Ең үлкен бақыт – сағынып барсаң ауылға!

НЕ БЕРЕМІН?
Күңгірттеніп бара жатыр күндерім,
Кілгірттеніп бара жатыр түндерім.
Күлкісі жоқ, көкірегінің оты жоқ,
Кімге айналып кеткенімді білмедім.

Асқақ-асқақ армандардан айрылдым,
Тасқа шапқан ақ алмастай майырылдым.
Жайын ұғар жанның жоғы қинайды,
Жегі құрты жеп құртпақшы қайғымның.

Өмір, өмір... өмір енді біртүрлі,
Адал жүрек абайсызда жыртылды.
Тілім тиген талайлардың өкпесі
Киесімен кілт үзгендей күлкімді.

Жақын тартар жақпаған соң жалпыға,
Сыя алмадым өзімнің де қалпыма.
Жоғалтқаным жолда қалып қойғандай,
Жалтақ-жалтақ қарай бердім артыма.

Жалтақ-жалтақ қарағанмен артыма,
Жете алмадым ештеңенің парқына.
Қара бастың қияметі қажытты,
Мен не дермін, не берермін халқыма?!

ЖЫЛАП ОТЫРМЫН
Мен бүгін жылап отырмын.
Сағыныштан,
Сардаланы ойладым сағымы ұшқан,
Балалықты аңсадым алып-ұшқан,
Тағдырыма налыдым жаңылысқан.

Мен бүгін қалдым оңаша,
Елестермен...
Гүл-бәйшешек шақырды белестерден,
Күндерім де құралған егестерден,
Көлбең етті көгілдір елестермен.

О, дариға, от жүрек, сөнердейсің,
“Туған жерге қайталық” – дегендейсің,
Асқарынан арманның төмендейсің,
Қақыратып кеудені сөгердейсің.

Жыладым мен.
Шөлімді басқым келді бұлағыммен,
Сырласып жатқым келеді құрағыммен.
Табысып мәңгі қалар тұрағыммен,
Қыр асып кеткім келді ұланыммен.
...Мен бүгін жылап отырмын.

МЕН ҚАЛАЙ ШЫДАП ЖҮРМІН?
Дерттеніп, демін жұтып нән қаланың,
Мен қалай шыдап жүрмін? Тан қаламын.
Сусыған сал - ғұмырдың сәулесіндей,
Сағымы емес пе едім сары даланың?!

Сусығын сағым едім, о, жалған-ай!
Көрінбей кеткеніммен көз алдамай,
Бұйыққан бұлдыр-бұлдыр белдеріме,
Берешек қарызымнан безем қалай?!

Басқа ғой бұл тірлікте адам жөні,
Бетсіз деп айтпаса екен далам мені.
Сағым деймін.... жаралған туған жерде
Жалғыз түп жусан болсам жаман ба еді?

Жыр жазып жүрегімнен аққан нұрмен,
Туған жер, әр тасыңды мақтан білгем.
Жаңғырып дауысым тұр: “Сүйем” – деген,
Жадына жарқабақтың жатталдым мен.

Тұншығып тынысына паң қаланың,
Сең соққан балықтайын сандаламын.
Сағынып сары белді, саумал желді,
Сабылып көшкен бұлтқа сан қарадым.
...Мен қалай шыдап жүрмін? Таң қаламын!

КІМ БІЛГЕН?
Асық атып, алаңқайда доп қудық,
Садақ иіп, сары қамыс оқ қылдық,
Көл жағалап, құсқа тұзақ көп құрдық –
Өмір ойын еместігін кім білген.

Бір қаракөз қызға түсті назарым,
Хатқа салдым ғашық жүрек ғазалын.
Жатсам-тұрсам тартпадым ба азабын?!
Махаббатың от-жалынын кім білген.

Кек жолында топқа талай бір барған,
Бірге жүріп, бірге күліп, мұңданған,
Бозбалалық сыр бөлісіп, ұрланған
Жақын достың суысарын кім білген.

Ортақ мұрат, озық арман көксеген,
Қиындарға қол ұстасып беттеген,
Көңіліңе титтей күдік етпеген
Сатып кетер жолдас барын кім білген.

Еш алаңсыз еркін сауық-сайранмен,
Көңіл өсті келер күндер, айлармен,
Жылдар, жылдар... жоқ қой айғай салғанмен,
Өткен өмір өкінішін кім білген.

Өнер-білім жан суарып, нәр берді,
Ақыл толып, ой қуаты әлденді.
Шұғылаңның шалмас жері бар ма енді?!
Надандықтың парқын бұрын кім білген.

* * *
Көктемде ойлап едім бір шаруаны...
Күз келіп, көңілімнен бұлт аунады.
Жынды ғой жынды десе, жел жарықтық –
Жапырағын теректің жүр сауғалы.

Қоңыр белес – гүлдерсіз, зерлі өңірсіз,
Тарқатып жаз базарын көл көңілсіз.
Сыңсуыңды бітірсең, аққу – арман,
Су бетіне соңғы рет өрнегің сыз!

Анау қырат, мынау бел дамылдайды,
Ештеңені, ешкімді сағынбайды...
Күз барады құстарын алысқа айдап,
Көктемгідей ойладым ауыл жайлы.

БҰЛ ТӨБЕДЕ
Бұл төбеде қозы бақтық, қой бақтық.
Қызық қуып, көңілдерді тойлаттық,
Келер күндей көкжиекке көз тігіп,
Көкіректе қиял құсын ойнаттық.

Ол кездерде тегіс доспыз, серікпіз.
Сонау жерден талай көсік теріппіз.
Пәле қуған пенделіктен бой аулақ,
Періштедей пәк емес пе едік біз?

Бала дәурен баураған соң еріксіз,
Мәңгі-бақи тарқамастай сеніппіз.
Былғанышын боқ-дүниенің ұқпаған,
Бұлақтайын таза емес пе едік біз?

Көрінбейтін ешбір нәрсе көріксіз,
Сұлу күнге сайран салып еріппіз.
Тар қапаста тағдыр тұтқын етпеген,
Ерке желдей еркін емес пе едік біз?

....Бұл төбеде базары бар өткеннің,
Бір дерегін білемін бе деп келдім.
Барады әні, бытыраңқы жайылып,
Бойын алып бір отар қой бөктердің.

Қадам басып, қиялымды түлетем,
Бәрі-бәрі баяғыша тұр екен...
Отар қойды кімдер бағып жүр екен?
Түтіндетіп от жаққандар кім екен?!

ТАҒЫ ДА ҚОШТАСУ
Туған жермен, туғандармен табысып,
Думандаумен күндер өтті жарысып,
Сағыныш-сел сарқылғанша сабада,
Қимас талай қызығыммен қауышып.

Шалқып-тастым, мауқым бастым, міне, енді,
Бұдан әрі ығыр қылмай құр елді,
Ықылысына рахмет деп ылайым,
Ойлап тұрмын Алматыға жүрерді.

Келдім, көрдім... аналардың жаулығын,
Ақ сақалды аталардың саулығын.
Аруағыңнан айналайын туған жер,
Армансыз-ақ араладым тау, қырын.

Мейірімді қандырып Көкбұлақтан,
Соңғы мәрте қарайладым қыраттан.
Жолыққанша жаман ұлды ойлай жүр,
Жайсаңдарым, мен сендерге кінә артпан!

Зымырандай жалған дүние – заматтық,
Кеш, кешіңдер, кетсе менен ағаттық.
Көңіліммен сүйіп тұрмын бәріңді,
Көз жасымды тиып тұрмын тағат қып.

Табысу мен қоштасудан құралған,
Зымырандай зулай берер бұ жалған!
Үміттерің ақтай жүру – бір арман,
Ортаңызға оралуым – Ұлы арман.

"Жаңғақтың ойы" жыр жинағынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста