Жамбыл облысының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранттар туралы сұрақтарына жауап алды

Жамбыл облысының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранттар туралы сұрақтарына жауап алды

Күмәнді сейілтті
Жергілікті тұрғындар кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранттардың адалдығына сенбеді.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы және Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында Qolday.kz және Business.enbek.kz порталдарында мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарланғаннан кейін 2021 жылға – 2025 жылы қоғамда дау туды, наразылық пайда болды. Халық қаржы бөлудің қалыптасқан жүйесіне сенімсіздікпен қарады.
- Мемлекеттік грант – бұл тегін берілетін бастапқы капитал, оның мақсаты жаңа бизнесті ашу және дамыту болып табылады. Грант көлемі 1 225 200-ден 5 миллион теңгеге дейін, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің профилактикалық бөлімінің басшысы Дәурен Омаров. – Өтеусіз гранттар беру бағдарламасының іске қосылуы оларды алудың ашықтығы жөнінде қызу пікірталас тудырды. Осыған орай «Адал Көмек» жобасы аясында «Антикор орталығы» алаңында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында осы саланың мамандарын тарта отырып, кең ауқымды азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері толығымен алынып тасталды, өйткені барлық құжаттар автоматтандырылған жүйе арқылы онлайн беріледі. Онда құжаттарды қабылдау кезінде қызметкерлермен байланыс болмауы қарастырылған. Оның үстіне әрбір жұмсалған тиын чектерде көрсетілуі керек. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев пен қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Әділқайыр Атин сөз сөйлеп, грант алудың шарттарын егжей-тегжейлі айтты.
Бірнеше сағатқа созылған басқосуда бизнесті кеңейту үшін грант алу шарттары талқыланып, табысты бизнесті бастағандардың мысалдары, озық бизнес идеялары айтылып, жеңілдетілген несие алу бойынша заңгерлік кеңестер берілді. Кәсіпкерлікті дамытуды қаржыландыруға қатысты екі азаматтың түйткілді мәселелерін кәсіпкерлік бөлімінің басшысы жеке бақылауына алды.
 

Б.Бакай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста