Волонтерлік – қазақтың қанында бар қасиет

Волонтерлік – қазақтың қанында бар қасиет

Волонтерлар деген кім? Волонтер латын тілінен аударғанда – ерікті деген мағананы білдіреді. Яғни, волонтерлар деген – қоғамдық жұмысты ақысыз атқаратын ерікті азаматтар тобы. Дамыған елдерде волонтерлік қозғалыс өткен ғасырда-ақ дамыған болса, Қазақстанда волонтерлік қызметті қоғам дамуындағы жаңа бір қозғаушы күш деп айтуға болады.

 

Қазақстанда 2016 жылғы 30 желтоқсанында  «Волонтерлік қызмет туралы» Заң қабылданып, олардың жұмысы заңмен реттеле бастады. Осы сәттен бастап волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері аталмыш заңмен айқындалды. Заңға сәйкес, волонтерлік қызметтің мақсаты – жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру т.б. болып табылады.

 

2016 жылы қабылданған Заңда волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері айқындалғанмен оларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар мен жеңілдіктер жайы қарастырылмаған екен. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, 2021 жылы 31 наурызда «Волонтерлік қызмет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, волонтерлар жоғары оқу орындарына, колледждерге түсуде артықшылығы бар тұлғалар санатына қосылды. Сонымен қатар жұмысқа тұру, зейнетке шығарда волонтерлік қызметке жұмсалған кезеңді еңбек өтіліне есептеу, волонтердің ең төменгі жасын 16 жасқа дейін азайту секілді артықшылықтар мен жеңілдіктерге ие болды.

 

Волонтерлік қызмет мемлекет тарапынан да қолдау тауып отыр. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды. Сол жылы волонтерлік қызмет саласындағы жобаларды үйлестіріп, қоғамдық мониторинг жасап, оқыту, насихаттау жұмысын жүргізетін «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисі ашылды. Орталықтың ашылуында сөз сөйлеген мемлекет басшысы волонтерлікпен айналысу қазақ халқының қанында бар асыл қасиет екенін айтты.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

 

– Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету.

 

Волонтерлар атқарған іс-шаралар мемлекет басшылары назарынан тыс қалған жоқ. Волонтер жылының қортындысы бойынша, Президент Жарлығыммен көптеген волонтерлер «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

 

Волонтерлар ел ішінде ғана іс-шаралар өткізумен шектелмейді. Көршілес, бауырлас елдер халқының басына нәубет түскенде алғашқылар қатарында іске кірісетін осы – еріктілер. Таяуда Түркияда болған алапапт зілзаладан зардап шеккен түрік халқына алғашқы сапта гуманитарлық көмек қолын созғандар қатарында волонтерлар болды. Гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.

 

Бағдат Анарбаева, Алматы қаласы волонтерлері фронт офисінің жетекшісі:

 

– Түрік елінде болған қайғылы жағдайдан кейін волонтер Қазақстан бойынша шұғыл түрде гуманитарлық көмек көрсетуге асықтық. Көптеген тұрғында әртүрлі қажетті заттар, киім-кешек алып келді. Сондай-ақ ақшалай да көмек көрсеткісі келетінін білдірген адамдардың қарасы көп болды. Сондықтан біз еліміздің түкпір-түкпірінен қайырымды адамдардың ақша аударуына ыңғайлы болу үшін бірыңғай шот ашу туралы өтінішпен Kaspi.kz-ке жүгіндік. Банк өкілдері біздің өтінішімізге бірден қолдау білдіріп, жылдам шот ашып, іске қосты. Сол үшін алғыс айтамыз! Бұл біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетті. Қаржы жинаудың ашық, шынайы, еш күмәнсіз болуы, Қазақстан бойынша бір жерге жиналғаны зардап шеккендерге үлкен көлемде қаражат жинауға көмегі тиді деп ойлаймын.

 

Ұлттық волонтерлер желісінің есепшотына 100 млн теңгеден астам қаржы түсті. Өңірлер бойынша 660 тонна гуманитарлық көмек жиналып оның 500 тоннасы Түркияға жіберілді.

Бұл волонтерлар жұмысының бір көрінісі ғана. Күнделікті өмірде, жоғалған адамды іздеу, жалғызбасты қарттарға көмектесу, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созу т.б. Ал, волонтерлардың пандемия кезінде атқарған жұмысы ерекше айтуға тұрарлық іс.

 

 

 

Қ. Кумекбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста