Ұлттық жобалар ұлт мүдесі үшін қызмет етеді

Ұлттық жобалар ұлт мүдесі үшін қызмет етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Соның бірі -  2021-2025 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба болатын.

 

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу бойынша Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар, қоғамдық салалық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ аграрлық ғылыммен айналысатын ғалымдар мен бизнес өкілдері кірді. Жобаны дайындауда жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер де ескерілді. Ұлттық жобаны әзірлеуге, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы  халықаралық FAO ұйымының сарапшылары да тартылды.

 

Жұмыс тобының жұмыла атқарған қажырлы еңбегінің нәтижесінде ұлттық жобаның тұжырымдамасы дайындалды. Ал 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 Ұлттық жоба тізбесі бекітілді. Ұлттық жобалар Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін әзірленді.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобасы

 

Ұлттық жобаның негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін 2,5 есе арттырып, азақ-түлік қауіпсіздігін отандық өнімдермен қамтамасыз ету және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру. Сонымен қоса, шет елдерге тек шикізат өнімдерін шығарып қана қоймай, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттырып, экспорт көлемін 2 есеге ұлғайту. Сондай-ақ, 7 ірі экожүйе қалыптастыру арқылы инвестициялық жобаларды іске асыра отырып, ауыл тұрғынының табысын арттыру және 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету, оның ішінде 100 мың адамды тұрақты жұмыс орнымен және 400 мың маусымдық жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Ұлттық жобаның басымдығы ет, қант, дәнді және майлы дақылдар, жеміс, көкөніс, сүт өнімдерін өндіруге бағытталатын болады. Сонымен қоса ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде 350 мың фермерлік және жеке үй шаруашылықтарын отандық өнім өндіруге тартуға мүмкіндік береді.

 

Ұлттық жобаны қаржыландыру

 

Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландырудың екі тетігі қарастырылған. Біріншісі, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру, екіншісі, бюджеттен тыс, яғни инвестиция тарту арқылы қаржыландыру.

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі:

 

2021 ж.                471,9  млрд теңге

2022 ж.              414,1 млрд теңге

2023 ж.              485,6 млрд теңге

2024 ж.              674,8 млрд теңге

2025 ж.              656,9 млрд теңге

 

ЖИЫНЫ        2 703,3 млрд теңге

 

Бюджеттен тыс қаражат көлемі:

 

2021 ж.               807,6 млрд теңге

2022 ж.              1 052,5 млрд теңге

2023 ж.              1 028,3 млрд теңге

2024 ж.              472,2 млрд теңге

2025 ж.               739,4 млрд теңге

 

ЖИЫНЫ        4 100,0 млрд теңге

 

Министрлік мәліметіне қарағанда, Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру жұмыстарына жоспарланып отырған қаржы қомақты. Мақсаты да айқын. Тек Жобаға жемқорлар мен жалқаулар араласып, жұмысқа тұсау болмасын деп тілейік.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ел экономикасына серпін берері сөзсіз. Өйткені, ауыл шаруашылығы ел экономикасының локомативі екені әмбеге аян. Ауыл шаруашылығын ел экономикасының локомативіне айналдыру, тек ауыл тұрғындарының табысын артырып қана қоймай, бүкіл ел халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге септігін тигізеріне еш күмән жоқ.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста