Қой шаруашылығы – қазақтың ата кәсібі

Қой шаруашылығы – қазақтың ата кәсібі

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуда қой шаруашылығын маңызы ерекше. Өйткені қой шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі саласының бірі. Ал мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ажырамас бөлігі. Ал ауыл шаруашылығы – ел экономикасының локомативі.

 

«... қой бағып, құйрық жеген озар» дегенді қазақ тектен тек айтпаса          керек. Өйткені қазақтың тұрмыс-тіршілігінде қой малының алар орны бөлек. Қазақ ертеден-ақ қойдың еті мен сүт-майын азық ретінде пайдаланған болса, оның жүнінен киіз, кілем, алаша, т.б. тоқып төсеніш жасаған. Ал терісінен тон тігіп, тұрмыстық заттар жасап, кәдеге жаратқан. Тарихқа көз жүгіртсек қой өсіру қазақ даласында Қола дәуіріненен бастау алған көрінеді. Кейіннен бүкіл дүние жүзіне таралған деседі. Қазақ жерінде қой малының көп болуы да соның дәлелі болса керек. Алайда, өткен ғасырдың басындағы Азамат соғысы және 1928 жылғы кәмпескелеудің кесірінен және ХХ ғасырдың соңындағы нарықтық экономика көшу тұсында қазақ даласында мыңғырған қойдың саны күрт азайып кетті. 1913 жылы Қазақ жерінде 19,6 миллион уақ мал болса, 1936 жылы бұл көрсеткіш 4,3 миллионға дейін азайып кеміген. Өткен ғасыр басында Қызыл үкімет «колхоздандыру» деген сылтаумен қазақтың бар малын тартып алса, нарықтық экономика келгенде қазақ қолдағы бар малын сатуға мәжбір болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы сәтсіз реформалар қой шаруашылығының мүлдем құлдырауына әкеліп соқтырды. Тек ХХІ ғасырдың басында ғана қазақ даласына қой саны қайта арта бастады. 

 

Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетсе, жер көлемі бойынша 9 орынды алатын Қазақстанда бұл көрсеткіш 28 миллионнанды құрап отыр екен. Қойдан тағамдық өнімдер - ет, май, сүт пен жеңіл өнеркәсіпке және күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі алынатынын ескерсек, қой шаруашылығының халық шаруашылығында орны бөлек екеніне көз жеткіземіз. Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі. Қазақ мал басын көбейтіп қана қоймай, ғасырлар бойы оның тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Жыл мезгіліне орай малды күзде күзеуге, қыста қыстауға, көктемде көктеуге, жазда жайлауға малын айдап, көшіп жүру қазақтың көшпелі өмір салтының қалыптасуына да тікелей әсер еткен секілді.

 

Ертеден қой бағып өскен қазақ үшін, бүгінгі таңда қой шаруашылығы саласын дамыту еш қиындық тудырмаса керек. Өйткені қазақ қой өсірудің өзіндік технологиясын ертеден-ақ қалыптастырған. Оған қоса, мал жаятын жер де жеткілікті. Қолдағы бар дерекке қарағанда елімізде 182 млн гектар жайылымдық жер бар көрінеді. Бұл қой басын көбейтуге мүмкіндік береді. Қой шаруашылығын дамыту арқылы ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, экспорттық әлеуетті арттыру арқылы ел экономикасына зор үлес қосуға болады.

 

Қой жүнін кәдеге жаратсақ

 

Мамандардың айтуына қарағанда бүгінгі таңда 28 млн бас қой болғанымен, биязы және биязылау жүнді қой саны 3 миллионға да жетпейдіекен. Сол себепті жылына 40 мың тонна жүн алынса, соның 18 пайызы ғана биязы жүн. Яғни жуып-тазаланғаннан кейінгі өндіріске жарамды 3,5 мың тонна жүн өндіріліп отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Статистикаға қарасақ, кәдеге жарап отырған тек биязы жүн. Мамандардың пайымдауынша, жүннен пайда табу үшін биязы және биязылау жүнді қой басын 4 есеге дейін өсіру қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда соңғы бес жылда жүн өндіру 8 пайызға артқан, алайда экспорт 3,5 есеге азайған. Нақтырақ айтқанда сыртқа сатылған биязы жүн 1 834,5 тонна ғана. Оған қоса, біз биязы және биязылау жүннің бір келісін 1 доллардан сатсақ, Жаңа Зеландия мен Аустралия нарығындағы, жіңішкелігі 19-21 мкм-ге дейінгі 1 кг меринос жүннің бағасы 10 доллардан асып жығылады екен. Демек дұрыс кәдеге асыра алсақ, жүннен түсер пайда да аз емес.

 

Мамандардың айтуынша, қой малының басым бөлігі шағын қожалықтар мен қосалқы үй шаруашылықтарында. Бұл өз кезегінде технологиялық жаңалықтар мен ғылыми жетістіктерді пайдалануға және саланың экспорттық әлеуетін арттыруға кедергі келтіріп отыр. Өйткені, бүгінгі таңдағы өндіріліп отырған қой шаруашылығы өнімдерінің 80 %-дан астамы шағын қожалықтар мен қосалқы үй шаруашылықтарына тиесілі.

 

Қой еті экспортының әлеуеті қандай?

 

Статистикаға назар салар болсақ, соңғы бес жылда әлем бойынша қой етін тұтыну көрсеткіші артқанын көруге болады. 2019 жылы қой етін тұтыну көлемі 335 млн тоннаға жеткен. Сарапшылардың пайымдауынша, 2030 жылы бұл көрсеткіш 339 млн тоннаға жетеді деп болжануда. Демек Қазақстанның қой еті экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі арта түспек. Тек соны дұрыс пайдалансақ болғаны.

 

Бүгінгі таңда Қазақстан бірқатар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс, Парсы шығанағы елдеріне қой етін экспорттайды. Десе де көрсеткіш көңілдегідей емес. Статистикаға қарар болсақ, 2019 жылы 12,6 млн долларға қой еті экспортталса, 2020 жылы бұл көрсеткіш екі есеге азайып, 5,6 долларды құраған. Әрине бұған пандемияның да әсері болды. Десе де, 2021 жылы елімізде қой еті өндірісі біршама артып, 172 мың тоннаға жеткен. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның әлеуеті жылына 400 мың тонна қой етін өндіруге жетеді. Ал ішкі нарықтың сұранысы 200 мың тонна шамасында екенін ескерсек, жылына 200 мың тонна қой етін экспорттауға болады.

 

Әрине, мұндай көрсеткішке жету үшін саладағы жемқорлықты жойып, жаңа технологияылар мен ғылымның жетістіктерін пайдаланып, білікті мамандарды жұмысқа тарту қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы», деген болатын.

 

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев саладағы жемқорлық мәселесіне де тоқталды. «Кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты жан-жаққа шашылады, олардың жұмсалуына бірыңғай бақылау жоқ. Экономикалық маңызы жағынан да нәтиже жоқ", - деді мемлекет басшысы.

 

Қорыта айтқанда, қой шаруашылығына деген көзқарас өзгермейінше, қойдан түсетін қомақты қаржыдан қағыла береміз.

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста