«KazAgro/KazFarm-2022» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

«KazAgro/KazFarm-2022» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Бүгін еліміздің Бас қаласында Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік «KazAgro/KazFarm-2022» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. KazAgro – өсімдік шаруашылығы мен KazFarm – мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі ретінде жыл сайын күзде өткізелітн айтулы шара ретінде қалыптасып келеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын шараның жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді.
Биылғы шарада сөз сөйлеген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «KazAgro/KazFarm – біз үшін өте маңызды оқиға. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің аса күрделі де жауапты жұмысының арқасында биыл егін орағын өте жақсы нәтижелермен аяқтап жатқанымызды көріп отырмыз. Бұл көрме аясында көптеген келісім-шарттарға қол қойылатынына сенімдімін. Біздің компаниялар байланыстар, технологиялар және озық тәжірибе алмасу арқылы өздері үшін көптеген мүмкіндіктерді ашатынына сенімдімін», - деді құттықтау сөзінде.
Расында да еліміздің ауылшаруашылығы саласының әлеуеті жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Суармалы егіс көлемі артып, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидия да жақсарып, алынатын өнімнің көлемі көбейіп келеді. Сондықтан аталмыш шарада сөз алған сала басшылары ауылшаруашылығы саласының жетістіктерін ортаға салды.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр «Қазақстан – аграрлы ел. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ел экономикасында шешуші рөл атқарады. Оның дамуы елдің тұрақты дамуын, қауіпсіздігін және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етудің ең маңызды факторы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен - халықтың жартысына жуығы үшін негізгі табыс көзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, оларды өңдеуге және сақтауға маманданған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін қажетті өнімдермен қамтамасыз ететін тығыз экономикалық және өндірістік байланыстары бар салаларды қамтиды» деп атап өтті.

Осы орада саланың жетістіктері мен артықшылықтарын көрсететін көрменің жыл сайын ұйымдастырылып отыруы игі дәстүрге айналғаны көпшілікті қуантып отыр. Биылғы көрмеге 20-дан астам елден 300-ден астам түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысып, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа да елдерден келген сарапшылар саланың заманауи жетістіктерімен бөлісті. Және көрмеге орай ойларымен бөлісіп, елімізге деген ыстық ықыластарымен бөлісті. Дипломатиялық миссиялар басшылары атынан Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсен «Қазақстан әрқашан Германияның маңызды және сенімді серіктесі болды. Біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы ерекше қарқынды және тиімді дамып келеді. Тәжірибе алмасуға, салалық семинарлар мен тренингтер өткізуге бағытталған диалог құруға жағдай жасалған. Неміс компаниялары үлкен қызығушылық танытатын агроөнеркәсіп кешенінде Қазақстанның әлеуеті зор. Бүгінгі таңда көрмеге ұсынылған компаниялардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті - қазірдің өзінде олардың саны 24-ке жетті» деп еліміздің ауылшаруашылығы саласындағы әлеуетін жоғары бағалауы көп нәрсені аңғартады.

Жалпы көрменің жиналған көпшілікке берері көп екенін аңғардық. Көрмеге жиналған фермерлердің өзара тәжірибе алмасып, біліктілік жинауына ықпал етіп, агроөнеркәсіп саласындағы әлемдік инновацияларды таныстырудың жетекші кәсіби алаңы ретінде танылып, ауыл шаруашылығы саласының әлемдегі ең өзекті жаңалықтары мен заманауи жетістіктерін білуге ықпал ететін шара ретінде көпшіліктің көзайымына айналып келеді. Биылғы көрменің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрады. Көрменің бағыт бағдарын анықтай кетсек, KazAgro арқылы ауылшаруашылығы саласының тұқым таңдауынан бастап, дайын өнім мен заманауи технологияларды қамтитын, саланың ерекше жаңалықтарын паш ететін, ерекше өнімдер мен өсімдік шаруашылығы көрмесі. Ал KazFarm, арқылы  мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібіне арналған тауарлары мен өнімдерімен танысып, эмбриондардан бастап дайын өнімдер мен қызметтерге дейін толық тәнтті ете алатын көрменің ерекше бөлігі. Бұл көрмеде ауылшаруашылығы саласының техникаларына да орын берілген. Өйткені заманауи технологиясыз ауылшаруашылығы саласында үлкен жетістікке жету мүмкін емес. Осы орайда «KazAgro/KazFarm-2022» нарыққа әлемдік жетекші агроконцерндердің соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын танытатын, замануи сұранысқа ие инновациялық технологияларды және агроөнеркәсіп саласына агро-ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін ұсына алатын көрменің бір бөлігі ретінде танимыз.

Осы орайда атап өтер жайт, өткен жылы аталмыш шараға 33 000 нан астам қатысушыны тартып, рекордтық деңгеге жеткен еді. Биыл да қатысушылар саны көп болды. Демек шараға қызығушылардың саны артып келеді. Қазақстандық фермерлерден бастап, осы саланың көтерме және бөлшек сауда өкілдерін, импорттаушылар мен экспорттаушыларды да қамтитын, еліміздің  Ауыл шаруашылығы министрлігі мен алыс және жақын шетелдердің басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерінің басын қосып, сала мамандары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары да ұмытылмаған шараға бүгінде кәсіпкерлердің де қызығушылығы артып келе жатқаны байқалады. Көрме барысында жай ғана саланың бар жоғымен танысып қана қоймай, жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталық басшыларының қатысуымен семинарлар, презентациялар өткізу қарастырылған. Іскерлік бағыттағы келіссөздер жүргізіліп, еліміздің және шетелдік компаниялардың арасында меморандумдарға қол қою да осы көрменің басты мақсаттарының бірі. Үлкен әлеуетті күші бар ауылшаруашылығы саласының ортақ мүдделерін тоғыстыратын, агроөнеркәсіп саласын алға сүйрейтін «KazAgro/KazFarm» көрмесінің еліміз үшін әлі де берері көп екенін аңғардық.

Сонымен қатар, бүгінде агроөнеркәсіп саласында өз орнын айқындап келе жатқан еліміздің мамандарының еңбегін де елеп ескеру осы көрмеде ұмытылмай қамтылып отыр. Кешегі өткен көрмеде де ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің барлық өңірлерінен жиналған үздік және озық өсімдік шаруашылығындағы мамандарды арнайы марапаттады. Биылғы көрменің тағы бір ерекшелігі 2022 жыл бойынша таңдаулы бұқалардың тұқымдық материалдарына аукцион өткізілуі болды. Еліміздің ауылшаруашылығы саласының дамуы жолында өз орны бар көрме ел көңілінен шыққан шара болып отыр.

Қуаныш Ермекова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста