Ет бағасы тұрақтар емес

Ет бағасы тұрақтар емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билікке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауды, оның қымбаттауына жол бермеуді тапсырды. Өйткені азық-түлік бағасы күн санап өсіп барады. Базарға барған әрбіріміз оған куә болып жүрміз. Бір жыл ішінде қой еті 16,2%-ға, жылқы етінің бағасы 11,9%-ға, сиыр етінің бағасы да 8%-ға қымбаттаған.

 

Министрліктің 2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша келтірген мәліметіне қарасақ, бөлшек саудада сиыр етінің бағасы 2 236 теңгені құраған, ал қой етінің бағасы – 2 418 теңге. Сонымен қатар жылқы еті 2 603 теңге деп көрсетілген. Алайда, базардағы баға министрліктің статистикасына сәйкес келмейді. Базарларда қой еті 2 500 теңге, сиыр еті 2 500-2 700 теңге болса, сиырдың сүйексіз еті 3 000 теңгеден саудаланып жатыр. Ал жылқы еті 3 000 – 3 200 теңге, ал жылқының қазысы 3 500-3 700 теңге төңірегінде.

 

Мамандардың пайымдауынша, ет бағасы одан әрі қымбаттай түсуі ықтимал. Өйткені, елімізде жем-шөп бағасы екі есеге дейін қымбатағын. Сарапшылар айтуынша, оған өткен жылы еліміздің батыс аймақтарында орын алған қуаңшылық тікелей әсер етіп отыр. Сонмен қоса, «жем-шөп бағасының өсуіне теңгеге шаққандағы доллар бағамының қымбаттауының да жанама әсері болып отыр», - дейді мамандар.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың қртындысы бойынша, елімізе ет өндіру көлемі тұтыну деңгейіне дейін жеткен. Ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі қалыптасқан. Отандық өндіріс есебінен ішкі нарық сиыр етімен – 97%-ке, қой етімен – 100%, жылқы етімен – 98%-ке қамтамасыз етілген. «Ет өндірісінің көлемі жыл сайын артып келеді. Өңірлердегі қоймаларда ет өнімдері жеткілікті және үнемі толықтырылып отыр, сондықтан елімізде ет тапшылығы болмайды дейді», министрлік өкілдері.Алайда, елімізде ет бағасы тұрақтар емес.

 

Сарапшы мамандардың айтуынша, бағаның өсуі ет өндірісіне немесе мал басының жетіспеушілігіне байланысты емес. Расымен де, сарапшы мамандардың пікірімен келіспеуге болмас. Мысалы, 2020 жылдың қортындысы бойынша, шаруашылықтардың барлық санаттарында жылқы саны 9,3%-ке, ІҚМ – 5,5%-ке, түйе – 5%-ке, шошқа – 0,8%-ке, қой – 4,9%-ке, ешкі – 2,8%-ке өскен. Ет өндірісі артқан. Десе де, ет бағасы өсуін тоқтатқан жоқ.

 

«Нарықтық экономика жағдайында кез келген өнімнің немесе тауардың бағасы өндіріс, сақтау, тасымалдау кезінде шығындар мен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып белгіленеді. Сонымен қатар, бағаға сыртқы фактор – халықаралық нарықтардағы ұқсас өнім мен тауар бағасының өзгеруі де әсер етеді» дейді сарапшылар.

 

Министрлік мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда елімізде ет өндіру көлемі тұтыну қажеттілігіннен асып түскен. Оған қоса ет импортының көлемі де аз емес. Мамандардың айтуынша, бұл импорттың экспортқа қарағанда арзандығымен байланысты көрінеді. Яғни, етті шет елдерден арзан бағаға сатып алып, сыртқа қымбат бағамен сатамыз. «Себебі, қазақстандық етке сұраныс жақсы, өйткені біздің ет сапалы» дейді сала мамандары.

 

Өткен жылы қуаңшылық салдарынан мыңдаған бас мал қырылса да, экспортқа шектеу қоймауымыздың да бір сыры осында жатса керек. Сол кезде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов: «жыл басынан бергі төрт айда ет экспортының көлемі 9,4 млн долларды құрап, 2,6 мың тонна ет сыртқа жөнелтілді. Импорт көлемі 21 млн долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда, импорт 41 пайызға төмендеді» деп есеп берген болатын.

 

Еліміздің батыс өңіріндегі қуаңшылық салдарынан мыңдаған  мал басы қырылып жатса да, Қазақстан ет экспортына шектеу қоймайды. Мұндай мәлімдемені сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жасады. Министрдің айтуынша, жыл басынан бергі төрт айда ет экспортының көлемі 9,4 млн долларды құрап, 2,6 мың тонна ет сыртқа жөнелтілді. Импорт көлемі биыл 21 млн долларды құраған, былтырғымен салыстырғанда, импорт 41 пайызға төмендеген. «Бұл көрсеткіштер экспорт көлемі артып, импорт көлемі азайып жатқанын көрсетеді», – деді сауда министрі.

 

Мал шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Жангелді Мырзахановтың айтуынша, асылтұқымды мал өсіріп отырғандардың дені – олигархтар мен бай-манаптар. Мемлекеттен қомақты субсидия алатындар да солар. Сондықтан да олардың малы күйлі. Етті экспортқа шығарып, қымбат сатып отырғанда да солар. Олар жеке өз мүдделері үшін жұмыс істеп отыр. Олар ішкі нарыққа жұмыс істемейді.

 

Ал, «Аналитик» әлеуметтік-экономикалық зертеу орталығының экономист-сарапшысы Олег Лурьевтің айтуынша, 1960-1970 жылдары Қазақстанда  адам басына шаққанда ет тұтыну мөлшері 60 келіні құраған екен. 1990 жылдары 70 келіге дейін жеткен. Ал, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 40-45 келіге дейін төмендеген.

 

Халықтың етті тұтыну мөлшерінің азаюы ет бағасының қымбаттауымен тікелей байланысты. Өйткені, халықтың табысы артқан жоқ, бірақ азық-түлік тауарлары, тұтыну тауарлыры түгелдей дерлік қымбаттады. Бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қабілетін әлсіреткені анық.

 

Сонымен бірге, біздің елде зейнетақы мен жәдемақы 2-3 мың теңгеге өссе, азық-түлік бағасының қымбаттауы заңдылыққа айналғандай. Оған қоса, соңғы кездегі доллар бағамының күрт өсуі де «отқа май құйғандай» болды.

 

Десе де, бұл мәселелердің оң шешімін табатынына сеніммен қараймыз. Өйткені, бұл мәселе ел президентінің назарында.

 

Осы жылдың 16 наурызында мелеке басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер қаралды. Президент Үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қоса, Президент Үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әкімдерге Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

 

 

Қалдар Көмекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста