Қазақстандық ЖОО-лардың халықаралық рейтингтегі көрсеткіші жоғарылады

Қазақстандық ЖОО-лардың халықаралық рейтингтегі көрсеткіші жоғарылады

Әлемде болып жатқан сан алуан өзгерістер, ғылым мен технологияның қарыштап дамуы қоғамның алдына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, инновациялық даму жолына түсу, ақпарат көлемінің ұлғаюы, кәсіби қызметтегі басқару функцияларының кеңеюіне қарай қалыптасып келе жатқан тенденция қоғам тарапынан қойылатын талаптардың өзгеруіне әкелді. Сондықтан кез келген ел болашақ мамандарды даярлау тұрғысынан жоғары кәсіби білім беру жүйесін одан әрі дамытуға баса мән беруде. Ғылыми-техникалық прогресс, ғылымның өмір мен өндірістің барлық саласына қарқынды енуі жас маманнан  теориялық терең көзқарасты ғана емес, сонымен қатар сан алуан мәселелерді шешуге қабілетті шығармашылық кабілетті де талап етеді. Сондықтан, бүгінгі таңда мамандардың кәсіби салада туындайтын проблемаларды адекватты қабылдау, оларды дұрыс бағалау, жаңа когнитивті жағдаяттарға тез бейімделу, қолда бар ақпаратты мақсатты түрде өңдеу, жетіспейтінін іздестіру және толықтыру қабілеті бұрынғыдан да жоғары болуы керек.  Кез келген мүмкіндікті оңтайлы пайдалану заңдылықтарын білу, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетіңізді пайдалана отырып, қызмет нәтижелерін болжау қазіргі таңдағы басты қажеттілік. Осыған байланысты жас маман іргелі және арнайы білімнің қажетті көлемін ғана емес, сонымен қатар практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу үшін белгілі бір дағдыларды иемденуі, үнемі біліктілігін арттырып, өзгермелі жағдайларға тез бейімделуі керек.

Міне осындай қажеттіліктер әлем елдері арасында жоғары білім беру саласындағы бәсекелестікті арттырды. Сондықтан қазіргі уақытта білімнің сапасы ел ішіндегі деңгеймен ғана емес, халықаралық деңгейімен өлшенуі заңдылық. Қазақстан жоғары оқу орындары бұл бағытта да жақсы көрсеткіштерге ие болып келеді.  Мәселен биыл еліміздегі сегіз ЖОО әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингіне кірді. Биылғы 22 наурызда QS World University Rankings by Subject 2023 қорытындысы жарияланды. Бұл халықаралық рейтингке 161 елден 1594 университет қатысты. Соңғы уақытта QS World University Rankings by Subject-тің маңыздылығы мен ықпалы арта түсті, өйткені студенттер белгілі бір университетті таңдаған кезде оқу орнының жалпы рейтингімен қатар оларды қызықтыратын пәндік салалар  мен мамандықтар бойынша рейтингке баса назар аударады.

Пән бойынша QS World University Rankings бес санатқа топтастырылған 54 пәнді қамтыды. Рейтинг әдістемесі бес негізгі көрсеткішке негізделген. Еліміздегі ЖОО-лардың топ-100 пәндік рейтингіне қатысуы екі еседен де артып, үштен жеті позицияға дейін өскен. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке қарағанда пәндік рейтингтердегі білім беру бағдарламаларының саны өткен жылмен салыстырғанда арта түскен. Биыл  еліміздегі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, СДУ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті осы рейтинг тізіміне енді.

Сөз реті келгенде QS World University Rankings — Quacquarelli Symonds (QS) құрастырған университет рейтингтерінің жыл сайынғы жарияланымы екенін айта кеткен жөн. Бұрын Times Higher Education – QS World University Rankings ретінде белгілі болған баспагер Times Higher Education (THE) журналымен серіктес болып, екеуі де нұсқаларын жарияламас бұрын 2004-2009 жылдар аралығында халықаралық рейтинг кестелерін жариялады. Содан кейін QS бұрыннан бар әдістемені пайдалануды жалғастыруды шешті, ал THE рейтингтерін құру үшін жаңа әдістемені қабылдады.  QS Ranking – Халықаралық рейтингтік сарапшылар тобы бекіткен жалғыз халықаралық рейтинг, ол Дүниежүзілік университеттердің академиялық рейтингісімен және Times Higher Education World University рейтингімен қатар әлемдегі ең көп оқылатын университеттер рейтингтерінің үштігіне кіреді.

Сонымен қатар еліміздегі ЖОО-лардың айтулы жетістіктерінің бірі ретінде 5 пәнді қамтыған салалық рейтингтерге қатысқандығын айтсақ болады. Бес пәнді нақты атасақ өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік ғылымдар мен технологиялар, өмір туралы ғылымдар және медицина, жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық ғылымдар және менеджмент.

Қазақстандық ЖОО-лар осы 5 сала бойынша рейтингтің төртеуіне еніп, ол жерде өз позицияларының санын 10-ға дейін көтерді. Қазақстандық 4 бірдей жоғары оқу орыны әлемнің үздік 100 ЖОО қатарына кіріп, жоғары нәтижеге жетті.

Міне осындай көрсеткіштер арқылы отандық жоғары оқу орындарының халықаралық беделі күннен күнге күйшейіп келе жатқанын айқын аңғаруға болады. Бұл жетістіктер елімізде ғылым-білімді дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп келе жатқандығының арқасы. Мықты маман тәрбиелеген елдің болашағы жарқын болатыны анық.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста