Отандық ғылымның дамуына барлық жағдай жасалады

Отандық ғылымның дамуына барлық жағдай жасалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытып, технологияны мен инновацияны өркендету мемлекетімізді алға сүйрейтін басты сала екенін үнемі айтып келеді. Күллі әлемнің  болашағы ғылымның жетістігіне байланысты екенін бағамдаған дүние жүзі жұртшылығы қазір осы саланың қанат жаюуына мүдделі. Әлемнің жаңа бейнесі қалыптасып жатқан қазіргідей алмағайып кезеңде ғылымға иек сүйеген ел ғана өз бағыт-бағдарынан айнымайтыны анық.

Кеше Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдаған Мемлекет басшысы ғылым-білімнің басым бағыттарына ерекше назар аударып, білім алуды қолжетімді қылу, сондай-ақ, университеттердің инфрақұрылымын дамыту керектігін баса айтты. Кездесуде сала министрі 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы туралы баяндады. Бұл ғылым саласын дамытудағы өте маңызды құжат. Өйткені онда саланы даматуға бағытталған стратегиялық міндеттердің барлығы қамтылып, көрсеткіштері айқындалған. Министрдің айтуына қарағанда ғылыми қызметкерлерге төленетін жалақы екі есе өскен. Сондай-ақ, Президент қабылдауында ауқымды іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын Ғылыми-зерттеу институтын қаржыландыру мәселесі жолға қойылып, алдымыздағы үш жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру үш жарым есе көбейетіні туралы да айтылды.

 

Осы ретте кез келген адамның көкейінде отандық ғылымның жай-күйі, даму деңгейі қандай деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Сондықтан ғылым саласының тәуелсіздік жылдарындағы даму жолына да назар аударып өткен артық болмас. Қазақстанның ғылым саласы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық посткеңестік республикалар сияқты қиын кезеңдерді бастан кешірді. Кеңестік кезеңдегі ең күшті ғылыми әлеует ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап тұрақты түрде өз ұстанымдарын жоғалтып, күрделі мәселелерге тап болды деуге болады. Ғылыми қызметті құрайтын барлық көрсеткіштер күрт құлдырай бастады. Атап айтсақ, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру  азайып, тіпті тоқтап қалды, жалпы зерттеуші-ғалымдардың жұмысына да сұраныс болмады. Сондықтан көптеген ғылыми институттар жабылды, ал қалғандарында материалдық-техникалық базаның деңгейі мен ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдайы біршама төмен болды. Осының барлығы ғылым тиімділігінің жалпы төмендеуіне, ең бастысы мықты кадрларды жоғалтып алуға әкелді. Мамандардың айтуына қарағанда 1991 жылдан 2000 жылға дейін республикадағы ғылыми қызметкерлердің саны екі есеге жуық қысқарыпты. Әрине осы дағдарыс жылдарында да тәуелсіз мемлекеттің жаңа отандық құрылымдарын, ғылым саласындағы ұлттық нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға алғашқы қадамдар жасалды. Ол реформалар үздіксіз жалғасып отырды. Әртүрлі заңдар қабылданды. Барлығы бірдей нәтижелі болмағанымен бұрыннан қалыптасқан ғылыми базаның мүлдем жоғалып кетуіне жол бермеді. Саланы дамыту жолындағы жұмыстар жалғасып, аз да болса қаржыландыру мәселесі жалғасын тауып отырды. Ол кезеңде де ғылыми салаларды сақтап қалуға, реформа жүргізіп жаңа бағыттарын айқындауға басымдық берілгені анық. Сонымен қатар, ғылыми базаны, ғылыми мектептерді сақтап, зерттеуді жалғастырып, ғылымға мемлекеттік қолдауды арттыру үнемі көзделіп отырды деуге де болады.  Дегенмен қаржыландыру деңгейі төмен болғаны анық. Сондық саланың дамуы кенжелеп қалды.

Кейінгі жылдары ғана қайтадан ғылымды қолдауға басымдық беріліп ғылым-білім саласында тың серпіліс болғанын анық аңғаруға болады. Айталық ғылыми-зерттеу институттарын техникалық жаңғырту жүргізіліп ғылыми ұйымдардың базасын жаңғырту мен нығайтудың жаңа бюджеттік бағдарламасы жасалды. Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысының негізгі көзі болып табылатын жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстар кеңейтілді. Мәселен, бұрын ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурстары үш жылда бір рет қана өткізілсе, 2020 жылы 5 конкурс өткізілген екен. Сала мамандарының айтуынша соңғы 10 жылда қазақстандық ғалымдардың халықаралық мәліметтер базасына кең қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл басылымдық белсенділіктің айтарлықтай артуына әсер етті. Мәселен, Қазақстанның 2015-2019 жылдардағы басылымдарының саны 14852 бірлікті құраған, бұл елімізге 214 елдің әлемдік рейтингінде 75-орынға шығуға мүмкіндік берген.

Соңғы жылдары Президент ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қолдауға ерекше назар аударып, ғылымды қаржыландыру деңгейін арттыру және жеке инвестицияларды ынталандыру қажеттілігіне баса назар аударды. Бұл ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары тыңдалып, мемлекет тарапынан қолдау тапқанын, қазақстандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталғанын аңғартады. Ғылым мен бизнес Қазақстан дамуының шешуші және айқындаушы факторларына айналуы тиіс екені айқындалып ғалымдар мен зерттеушілерге ерекше миссия мен жауапкершілік жүктеледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясында сөйлеген сөзінің Қазақстанның ғылыми ортасында кең қолдау тауып, оң бағасын алғаны да сондықтан.

Әлемдік тәжірибе ҒЗТКЖ-ны жүзеге асырудың маңызды субъектісі мемлекет пен ірі жеке сектордан басқа шағын және орта бизнес екенін көрсетеді. Шағын және орта кәсіпорындар үлкен ұтқырлықпен, тәуекелдер мен өзгерістерге дайындығымен және нарық талаптарына бейімделуімен сипатталады. Көптеген елдерде шағын және орта бизнес ҒЗТКЖ-мен айналысады, инвестициялық қорлардың жұмысы арқылы венчурлық тәсілді қолданады, салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттің қолдауына сүйенеді.

Мамандар ғылым іргелі зерттеулер,  қолданбалы ғылым, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру сияқты нақты тізбекпен жұмыс істеуі керектігін айтуда. Қазіргі алдыға қойған мақсат ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырып, оларды тәжірибеге енгізу болып отыр. Сонда ғалымдардың ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері экономикаға ықпал етіп, пайда әкеліп, салынған инвестицияның орнын толтыруға мүмкіндік бермек.

Мәселен былтыр ғылымды қаржыландыру жетпіс пайызға артып, ғалымдар мен зерттеушілер сан жағынан бір жарым есеге көбейіпті. Сонымен қатар, жетекші ғалымдарға төленетін жалақы да негізгі қаржыландыру көзіне қосылған. Ал он бір ғылыми-зерттеу институтын толық түрде тікелей қаржыландыру мәселесі шешімін тауып, жолға қойылыпты. Биыл қолданбалы ғылымды қаржымен қамтамасыз етуді рет-ретімен көбейту жалғасын табуда. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын бизнеспен бірге қаржыландыруға да баса мән беріліп отыр.

Кез келген сала мемлекет тарапынан жеткілікті көңіл бөлініп, қаржылық қолдау тапқанда ғана нәтижелі жұмыс істейтіні белгілі. Сонда ғана бөлінген қаржыға лайықты іргелі істер атқаралып елдің қажеттілігіне жарайтын жұмыстар жасалмақ.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста