КӘСІПОДАҚТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕР ЖАТЫР?

КӘСІПОДАҚТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕР ЖАТЫР?

Жұмысшылардың кәсіподақтары 19-ғасырда Англияда пайда болды. Ал, өткен 20-ғасырдың басында Ұлыбританиядағы барлық жұмысшылардың 60 пайызы кәсіподақ мүшесі болды. Осы кәсіподақтар арқылы жұмысшылар өздерінің еңбекке, демалысқа, жалақыға және әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты құқтарын қорғауға кірісті.

Қазіргі уақытта батыс елдерінде кәсіподақтың ықпалы өте зор. Евроодақ парламенттерінде кәсіподақ өкілдері жұмыс істейді. Олардың қатысынсыз бір де бір заң қабылданбайды.Ал егер бір саланың жұмысшылары өз құқын талап ете бастаса, оны бірден басқа саланың кәсіподақтары қолдап шыға келеді. Сөйтіп, үкімет пен жұмыс берушілердің келіссөз столына отырып, мәселені бірлесіп шешуден басқа амалы қалмайды.

Ал Қазақстандағы жаңдай қандай? Қазақстан кәсіподақтары қандай күйде? Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қайшылықтарды уақытында шеше ала ма?

Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақтардың үш үлкен бірлестігі бар: ҚР кәсіподақтарының Федерациясы, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы және республикалық кәсіподақтар бірлестігі «Қазақстанның еңбек конфедерациясы». ҚР кәсіподақтар Федерациясы елдері барлық жалдамалы жұмысшылардың 40 пайызын біріктіріп отыр дейді. Ал барлық үлкенді-кішілі кәсіподақтарды қосатын болсақ, бұл 3 миллионға жетуі мүмкін.

«Біздің құрамымызда бүгін 24 салалық, 17 аймақтық, және 18 мың бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар» дейді Федерацияның әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен әлеуметтік әріптестік комитетінің төрайымы Гүлнара Жұмагелдиева.

Кеңес Одағы кезінде әрбір кәсіпорынның өз кәсіподағы бар болатын. Зейнеткерлер мен орта жастағы еңбеккерлер сол кәсіподақтардың жұмысын әлі ұмытқан жоқ.Бірақ оны жұмысшылардың құқын қорғайтын ұйым ретінде емес, әртүрлі санаторийлерге жолдама беретін, мәдени шаралар өткізетін ұйым ретінде еске алады. Бүгінгі кәсіподақтар сол кеңес дәуірінің жұрнағы, бүгінгі заманға ондай кәсіподақтардың қажеті шамалы деген көзқарас бар. Бірақ, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бұндай пікірмен мүлде келіспейді. Нарық заманында ең қажет ұйым – осы кәсіподақ дейді олар.

«Кәсіподақтың басты міндеті – жұмысшылардың әңбек, және әлеуметтік-экономикалық құқын қорғау. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дүние. Ол рас, қоғамда кәсіподақтар туралы әртүрлі көзқарас бар. Қариялар оны кеңес кезеңінің әлеуметтік мәдени шаралар ұйымы деп білсе, орта жастағылар ата-аналарынан естіген «ертегілерге» сенеді. Ал, жастар кәсіподақтар туралы ақпараттан мүлде бейхабар» дейді Гүлнара Жұмагелдиева.

Бүгінгі күндері жұмысшылардың құқын табанды түрде қорғайтын, міндетіне берік үлкен-кішілі кәсіподақ ұйымдары Федерация құрамында көп деп біледі ҚР кәсіподақтары Федерациясының өкілдері. Олар өз жұмыстарын әлеуметтік әріптестік аясында, яғни сала ішіндегі, аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы жүргізіп отыр. Кәсіпорындағы жұмысшылар жағдайының жақсаруы нақты сол ұжымдық келісім-шартта қарастырылған жеңілдіктер мен кепілдіктердің арқасы.

«Кәсіподақтың қажеттілігін жоққа шығаратындар – таяз ойлайтын адамдар. Олар кәсіподақтың жұмысына терең бойламайды. Тек өсек-аяңға, жалаң ойға сеніп, ойына келгенін айта береді. Кәсіподақтар үш ғасыр бойы жұмыс істеп келеді. Бұрынғы кеңес одағында ғана емес, тап сол Европаның өзінде, сол Американың төрінде. Кәсіподақ болған және бола береді. Әлемде жалдамалы еңбек барда кәсіподақ ешқайда жоғалмайды, ол керек, ол өз қызметін жасап отыр және міндетін әлі де атқара береді» дейді еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов.

Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша олардың жұмысы жаңажылдық шырша өткізіп, балаларға сыйлық алу емес,наурыз және басқа мерекелерді жасап, мәдени шараларды ұйымдастыру емес. Олардың міндеті – жұмысшыларға шын мінңнде жәрдем жасау, олардың құқтарын барынша қорғау.

«Әрине, жұмысшылардың құқын толықтай қорғау әруақытта қолдан келе бермейді.Бұл бір жағынан жұмыс берушінің де ұстанымына байланысты. Кәсіподақтың жұмысына барынша кедергі жасайтын кәсіпорын басшылары да аз емес. Біз оларды әлеуметтік әріптестік аясында барынша көндіруге тырысамыз. Кәсіподақ бар жерде – келісім бар, толыққанды пікір алмасу бар, бұл дегеніміз ұжымдағы тұрақтылық, қоғамдағы тыныштық, осының бәрін кәсіподақ арқылы келіссөз столында шешуге болады» дейді ҚР кәсіподақтар Федерациясының әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен әлеуметтік әріптестік комитетінің төрайымы Гүлнара Жұмагелдиева.

Бүгін елімізде кәсіподақтар дүркіреп тұр деп айту қиын. Көптеген кәсіпорындар кәсіподақтың не екенін ұмытқан. Тек бюджеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар ғана кәсіподағын сақтап отыр. 2018 жылы елімізде орта және шағын бизнесті біріктіретін кәсіподақ жұмыс жасай бастады. Қазір оған 57 мың адам мүше болып үлгерді. Бірақ, оның алдында ұшан-теңіз мәселелер күтіп тұр.

«Біз Жапон елінің тәжірибесін зерттедік: ол жерде ірі салалық кәсіподақ ролін кәсіпкерлік пен бизнес атқарады. Өйткені, жыл санап барлық шаруа мемлекет-жекеменшік әріптестігінің қолына өтіп жатыр. Ал дәл осы жердегі мамандар әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Сондықтан біз салалық кәсіподақ құруға кірістік. Біздегі кәсіподақ мүшелерінің әрқайсы сандық технологиямен қамтамасыз етілген, әрбір кәсіподақ мүшесінің мобильдік қосымшасы бар , кәсіподаққа өте алады,профкомға келмей-ақ қандай жұмыс жасалып жатқанын, ақшаның қайда жұмсалғанын біле алады. 2020 жылдан бастап бюджеттік мекемелердің жалақысы көтеріле бастады., ал бизнесте

ондай болған жоқ. Орта және шағын бизнестің басты мақсаты – түсімді көбейту. Түсім көбейсе де жұмысшылардың жалақысы бірнеше жыл көтерілген жоқ. Кәсіподақтың міндеті міне осы жерде жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында көпір болып, оларды келісімге келтіру» дейді «Ынтымақ» орта және шағын бизнес қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қайрат Жанабеков.

Бір сөзбен айтсақ, кәсіподақ қызметкерлерінің сөзімен айтқанда еліміздегі кәсіподақтың жағдайы осындай. Әрине, бұдан басқа пікірлер мен ұстанымдар аз емес. Оған біз «Кәсіподақ туралы» заңды талқылағанда толықтай тоқталатын боламыз.

 

С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста