Ғалымдар ауа сапасын талдаудың жаңа әдістерін ұсынды

Ғалымдар ауа сапасын талдаудың жаңа әдістерін ұсынды

Күнделікті тіршілігімізде қолданатын заттарымыздың барлығы ғылымның, өнертабыстың жетістігі. Қазіргі таңда ғылымсыз өмірді елестету мүмкін емес.  Бүкіл әлем ғылымды дамытуға күш салып, бәсекеге түскен заманда қай елдің ғылымы мықты болса, соның мерейі үстем. Ғылым бізге өмірімізді ұзартуға, денсаулығымызды бақылауға және жақсартуға мүмкіндік береді, ауруларды емдеуге және ауырсынуды жеңілдетуге арналған дәрі-дәрмектерді пайдалана бастадық, өзімізді сумен қамтамасыз етуге, негізгі қажеттіліктерді, соның ішінде азық-түлікті және энергия өндіруге көмектеседі. Сондай-ақ ғылым бізге спорт пен музыканы және коммуникациялық технологияның соңғы жетістіктерін пайдалану мүмкіндігін беру арқылы өмірімізді қызықты етті. Ұлтымыздың ұлы қайраткері, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсарин өткен ғасырда-ақ ғылымның даму мүмкіндігін бағамдап «Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден, көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызды» деп жырлады. Сол жыр жолдары күні бүгінге дейін өзекті. Мағынасын жойған жоқ. Өйткені ғылым мен білім мәңгілік. Ғылым адамзат баласына күнделікті өмірдегі мәселелердің шешімін табуға және ғаламның құпияларына жауап іздеуге көмектесті. Жалпы қоғамның бүкіл қажеттіліктерін қанағаттандырды.

Ал қазір бүкіл әлем елдері Жер Ананы сақтап қалу жолында ғылыми ізденістер жасап жанталасып жатыр. Сонымен қатар климаттың өзгеруі, мұхиттардың ахуалы, биоәртүрліліктің жоғалуы және тұщы сумен қамтамасыз ету, ауа сапасын анықтап оны тазарту сияқты ең өзекті мәселелерді шешу күллі адамзат үшін маңызды.  Мемлекеттер денсаулық сақтау және білім беру, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі сияқты көптеген салаларда дұрыс ғылыми ақпарат негізінде шешім қабылдап, қоғамға қатысты барлық мәселелер бойынша заңнамаларды қабылдаған кезде соңғы ғылыми жаңалықтарды ескеруге тырысады. Бүгінгі таңда тұрақты даму жолында кездесетін  қиындықтарды түсіну үшін халық ғылыми сауатты болуы керек. Өз кезегінде ғалымдар ғылымның неғұрлым өзекті зерттеу нәтижелерін қалың жұртшылыққа түсінікті жасауға тырысқаны жөн. Қазіргі қоғамның мәселелері жеке пәндердің дәстүрлі шекарасынан шығып, зерттеуден білім жинақтау мен оны тәжірибеде қолдануға дейінгі инновацияның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Ғылым, технология мен инновация неғұрлым әділ және тұрақты дамудың негізі деуге болады.

Күллі әлем жұртшылығын алаңдатып отырған ең өзекті түйткілдің бірі қазіргі таңда – таза ауа мәселесі. Өйткені ауа – өмір, денсаулық! Адам денсаулығы дұрыс тыныс алуға, өкпемізге түсетін ауаның тазалығына тікелей байланысты екені белгілі. Көптеген аурулардың, соның ішінде өлімге әкелетін аурулардың қоздырғыштары біздің ағзамызға ауамен бірге өкпе арқылы енеді. Содан кейін дем алғанда және дем шығарғанда қан айналымымен ағзадағы барлық мүшелерге әсер етеді. Ал оттегінің тұрақты жеткізілуі жасушалық метаболизм, сондай-ақ денеде энергия өндіру үшін маңызды. Денсаулықтың мықты болуы үшін, жасушаларға оттегі жеткілікті баруы үшін таза ауа қажет.

Ал қазір экологияның ахуалы күннен күнге нашарлап барады. Әсіресе үлкен қалалардағы ауаның тазалағы мүлдем сын көтермейді. Жер шары халқының 90 пайызы ластанған ауамен тыныс алады дейді ғалымдар. Мамандар келтірген деректерге сүйенсек жыл сайын қоршаған ортаның ластануынан 7 миллион адам қайтыс болсы, оның 600 мыңы балалар екен. Сонымен қатар жүз елуден астам мемлекет халықаралық шарттарға қосылып, тиісті заңдарды қабылдап, қоршаған ортаны сақтауға, қорғауға міндеттеме алғанымен, бұл мәселеге тиісті көңіл бөлінбейтіні жиі айтылады. БҰҰ-ның сарапшылары ауаның ластануы тыныс алу, жұқпалы және жүрек ауруларының, инсульттің, өкпе ісігінің және жүктілікке байланысты асқынулардың себебі екенін айтып дабыл қақты. Лас ауамен тыныс алатын балаларда демікпе, созылмалы өкпе жеткіліксіздігі, өсудің тежелуі, қант диабеті, семіздік және ақыл-ой кемістігі барған сайын көбейіп бара жатыр.

Ал біздің елімізде де қалалардағы ауаның ластануы қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Атмосфераның ластануы экожүйенің бұзылуына және қоғамға елеулі экономикалық және әлеуметтік залал әкеледі. Қазақстанның ірі қалалары ауаның ластануының жоғары деңгейімен сипатталады. 2019 жылы Қазақстан PM2,5 орташа жылдық концентрациясы 23,6 мкг/м3  болатын ластану деңгейі бойынша әлемде 29-шы орынды иеленді. Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының деңгейі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды, бірақ сараптамалық зерттеулердің саны шектеулі. Атмосфераны ластау көздерін электр станциялары мен өнеркәсіптер, автокөліктер, топырақ шаңы, құрылыс алаңдарындағы шаң-тозандар, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қалдықтары деп ұзын-сонар тізімді жалғастыра беруге болады.

Осындай өте өзекті мәселені шешу үшін қазақстандық ғалымдар да ауа сапасын анықтайтын құрылғылар жасап шығару үшін үлкен жұмыстар атқарып жатыр.  Соның жарқын мысалы ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының «Қалалардың атмосфералық ауасындағы органикалық ластаушы заттардың концентрациясын хроматографиялық әдістермен бақылауға арналған жартылай автоматты станцияны әзірлеу» жобасын айтуға болады. ҚазҰУ ғалымы Насиба Байматованың кандидаттық диссертациясының аясында Алматы қаласының ауасында 16 басым полициклді ароматты көмірсутектер, ауыр металдар және қатты бөлшектердегі бейорганикалық тұздар анықталды. Алынған нәтижелер жоғары улы қосылыстардың жоғары концентрациясын көрсетті. ҚазҰУ-дағы Физика және химиялық әдістерді зерттеп-талдау орталығына қарайтын «Биосфера экологиясы» зертханасының қызметкерлері бұл бағытта бірнеше жобаны іске асырған. Зертхана мамандары  «Заманауи аналитикалық әдістер мен модельдеу құралдарын пайдалана отырып, Астана және Алматы қалаларының ауасының сапасын жақсарту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеу» жобасын дайындады. Зертхананың жетекші ғылыми қызметкері Насиба Байматованың айтуына қарағанда Аталған екі қаладағы ауаны ластайтын заттардың үлесін зерттеуге РМ2.5 химиялық талдауы мен рецепторлық моделі қолданылған. PM2.5 талдауы үшін 5 түрлі сүзгі қолданылыпты. Олар: металдар, бейорганикалық аниондар мен катиондар, PAHs, органикалық және элементтік көміртегі, нитраттардың жоғалуы. Зертхана OC/EC анализаторын пайдаланып, термиялық және оптикалық әдіс арқылы жұмысы атқарады.

Ал бағдарлама арқылы алынған нәтижелер стратегиялық және жобалық құжаттардың кейбір тармақтарын шешуге мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері мен модельдеу құралдарын пайдалана отырып, Астана және Алматы қалалары үшін ауа сапасын жақсарту бағдарламасы әзірленбек. Осындай іргелі жұмыстар арқылы еліміздегі ғалымдардың экологияны жақсарту жолындағы еңбегін жете түсінуге, бағалауға болады.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста