Елбасы Жолдауы – отандық агроөнеркәсіп кешеніне жаңа серпін берді

Елбасы Жолдауы – отандық агроөнеркәсіп кешеніне  жаңа серпін берді

Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан Халқына Жолдауын талқылауға байланысты оқу орны ұжымының жалпы жиыны өтті.
Жолдауды түсіндіруге және онда жүктелген жаңа міндеттер сараланған жиынға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, көрнекті ғалымдар, журналистер қатысты.
Жалпы жиналыс мәжілісін университет ректоры, ҰҒА академигі Тілектес Есполов кіріспе сөзбен ашып, Елбасы тапсырмаларын тиімді іске асыру бағыттарын қамтыған кең көлемді баяндама жасады. Ректор өз сөзінде Жолдаудағы 10 басымдықтың үшіншісінде Мемлекет басшысы «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деп айрықша атап өткеніне кеңінен тоқталды.

Тілектес ЕСПОЛОВ,  ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА академигі:
– Мемлекет жүктеген міндеттерді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары қай уақытта болмасын, уақыттың алдын алып, жүйелі түрде жұмыстар атқаруда. 2010 жылдан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарына сай Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануда.
Трансформация шеңберінде агарлық ғылымның, білімнің және өндірістің интеграциясын, экономиканың аграрлық саласына инновациялық технологияларды енгізуді, Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа форматта кадрларды дайындауды күшейту үшін 2015 жылы университетте Халықаралық Агротехнологиялық Хаб құрылды. Осы бағытта университет ғалымдары Елбасы қойып отырған міндеттер бойынша еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандарды даярлай отырып, агро¬өнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем жасауды жүйелі түрде іске асырып келеді.
Ауыл шаруашылық ғылымы мен білімі бүгінде аграрлық өнеркәсіптің тиімді дамуының негізгі шарттары екендігін Президенттің Жолдауы тағы да дәлелдеп берді. Жолдауда «Аграрлық университеттердің ролін қайта қарастыру қажеттілігі туралы айтылған. Университет ғалымдары еңбек нарығында сұранысқа ие, заманауи ойлай алатын және бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындауы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануы керек. Бүгінде жоғары оқу орны тек білім беріп қана қоймай, студенттің қабілетін ашуға да көмектесуі тиіс. Бұл жұмысты тікелей іске асыру – университеттегі Агробизнес зерттеулерін талдау орталығына жүктелген.
Университеттің барлық әрекеттері креативті ойлайтын және инновацияға бейімделген, еңбек нарығында сұранысқа сай мамандар дайындауға бағытталған.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан дамуының ең басты бағыты саналады. Ал адами капиталға қатысты сапаның артуы, оның ішінде, аграрлық өндіріс, білім сапасы мен ғылыми ізденіс нәтижелерін жоғарылату – Президент Жолдауының басты мақсаты болып табылады.
Әлемдік экономикадағы технологиялық үрдістерден қалыспай, жаңа экономикалық революцияға бет бұруға үндеген жаңа Жолдауда айтылған ірі міндеттердің, тың идеялар мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысу – әрбір қазақстандық азаматтардың міндеті.

Жиында сондай-ақ, Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, көрнекті тарихшы ғалым, академик Хангелді Әбжанов және Галина Ксенжик, Сағымбай Қалдыбаев, Әділхан Самбетбаев, Серік Бекбосынов, Еркін Касымов сынды аграрлық саланың білікті ғалымдары сөз сөйлеп, биылғы Жолдауда еліміздің ауылшаруашылығы саласына ерекше мән берілгенін атап өтіп, аграрлық білім мен ғылымды инновациялық бағытта дамыту бойынша өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Әлемдік экономикадағы технологиялық үрдістерден қалыспай, жаңа экономикалық революцияға бет бұруға үндеген жаңа Жолдауда айтылған ірі міндеттердің, тың идеялар мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысу әрбір қазақстандықтың міндеті. Аталған шара Мемлекет басшысы айқындаған міндеттемелер мен нақты тапсырмаларды сарапқа салып, университет ұжымы мен студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында қолға алынды.

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков, Г.Әділхан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста