Дәріні жалған нұсқасынан ажыратуға мүкіндік беретін тәтті «штрих-код» жасалды

Дәріні жалған нұсқасынан ажыратуға мүкіндік беретін тәтті «штрих-код» жасалды

Ғалымдар контрафактілікпен күресу үшін қант пленкаларында флуоресцентті молекулаларды жасаудың арзан әдісін тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Макс Планк қоғамының коллоидтар мен интерфейстер институтының зерттеушілері дәрі мен электрониканы жалған нұсқаларынан қорғаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Олар қант пленкаларында флуоресцентті молекулалардың кездейсоқ үлгілерін жасау үшін лазерді пайдаланады.

 

Штрих-кодты әзірлеу барысында зерттеушілер қарапайым моносахаридтерден тұратын қанттың жұқа қабығын жағу үшін лазерді пайдаланады. Қысқа лазерлік импулс миллисекундтарда қантты карамелге айналдырады. Мұндай жағдайда түрлі түстерде флуоресцентті қосылыстар пайда болады. Бұл ретте нақты қандай заттардың жасалатынын болжау мүмкін емес.

 

Көптеген параметрлерді, соның ішінде лазер әсерінің күші мен ұзақтығын бақылау және түрлі қоспаларды қолдану арқылы зерттеушілер оқытылған жасанды зерде көмегімен қажетті макроскопиялық үлгіні жасай алған екен.

 

Сонымен бірге, нано- және микро-деңгейдегі үлгілер (жарық нүктелердің түрі мен орналасуы) бірегей болып келеді және оны болжау (ажырату) мүмкін емес.

 

Дәрілік пакет немесе электрондық компонент тиісті макроскопиялық үлгімен қамтамасыз етілгеннен кейін микро бөлшектерді көрсететін флуоресценция үлгісінің жоғары ажыратымдылықтағы (ажыратып тану мүмкіндігі жоғары) фотосуретін дерекқорда сақтауға болады. Флуоресцентті сканерлеу арқылы сатушылар немесе дәріханалар өнімнің түпнұсқа екенін немесе жалған екенін тексере алады.

 

Жалған және қауіпті дәрілердің таралуына қарсы тұру үшін QR кодтары көптеген елдерде дәрілік қаптамада берілген, алайда, олар тек шектеулі көшірмелерді қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Банкноталарда басылған флуоресцентті голограммалар сияқты күрделі қауіпсіздік мүмкіндіктері әдетте улы бейорганикалық заттардан тұрады. Ал жаңа технология денсаулыққа қауіпсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста