Әскери жоғары оқу орындары мен атақ-даңқтарды ұлттық батырларымыздың есімімен неге атамасқа?

Әскери жоғары оқу орындары мен атақ-даңқтарды ұлттық батырларымыздың есімімен неге атамасқа?

Әр мемлекеттің өзінің әскери күштері бар. Онда әскери жоғары оқу орындары да, тіпті жауынгерлердің батырлығы үшін берілетін жоғары наградалар, орден-медальдар да сол елдің ұлттық батырларының есімімен аталады. Бұл ретте басқа мемлекетті айтпай-ақ қояйық, мына тұрған көрші Ресейдің өзінде Кутузов атындағы марапаттар, Суворов атындағы әскери академия, Жуков атындағы жоғары оқу орындары бар. Тіпті Суворов, Нахимов, Невский атындағы наградалар да бар екені белгілі. Ал Бауыржан Момышұлы ордені неге жоқ? Қасым Қайсенов атындағы медаль, Қабанбай, Бөгенбай секілді батырларымыздың атын­дағы ордендерді неге тағайындамасқа? 7 мамыр – Қазақстан Қару­лы Күштері күніне орай осы сауалды мамандар талқысына салған едік.


Бақытбек СМАҒҰЛОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бұл – өте орынды көтеріліп отырған сұрақ. Қазақта елі үшін, жері үшін қанын төккен, жанын пида еткен батырларымыз көп. Тіпті мына Ұлы Отан соғысы кезінде де қаншама ағаларымыз үлкен ерлік жасады. Алайда олардың басым көпшілігінің ерлігі бағаланған жоқ. Мәселен, мергендердің мек­тебін қалыптастырған Феодосий Смо­лячков 125 немістің көзін жойса, Василий Зайцев 250-ге жуық немісті өлтірген, ал біздің Төлеуғали Әбдіков деген мерген атамыз 398 немісті жер жас­тандырған. Екеуінің де өлтірген фашистерін қосқанның өзінде біздің батырға жеткізе алмай отыр. Бірақ оған неге батыр атағы берілген жоқ? Өйткені 1937 жылы оның әкесінің інісі «ха­лық жауы» болып тұтқын­далған. Міне, осындай ұмыт болған батырларымызды да дәріптеуіміз қажет. Әскери академиямыз неге Бауыржан Момышұлының атымен аталмасқа? Біз өзгенің емес, өз батырлары­мыздың даңқымен рухтануымыз керек. Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Махамбет, Исатай, Жалаңтөс батырлары­мыздың аты­нан неге осындай наградалар тағайын­дамасқа? Керек десеңіз, бұл батырлардың атындағы медалдарды тек генералдарға ғана беретіндей, өзінің статусын белгі­леуіміз керек. Әскери академияға ғана емес, әскери бөлімше, полктерге де батыр­ларымыздың есімін беруге тиіспіз. Өйткені батыр бекерден-бекер шықпайды. Ұрпақ сабақтастығы бір-біріне еліктеп, бір-бірінен үлгі алып, алдыңғы буын аға батыр­ларға еліктеп барып батыр болады. Біз Ауған соғысына барғанда Қасым Қай­се­новке, Талғат Бигелдиновке еліктедік. Со­лардай болсақ қой деп армандап, рухтанып жүр­дік. Сондықтан Тәуелсіз елдің төл пер­зенттері де батыр бабаларымыздың рухы­мен су­сын­дауы тиіс. Ал рухсыз ел ешқашан батырлық жасай алмайды.



Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері, тарих ғылымының докторы:
– Қазір қорқатын ештеңе жоқ. Әскери жоғары оқу орындарын, атақ-даңқтарды ұлттық батырларымыздың атымен атау өте дұрыс деп есептеймін. Батырларымыз қазақ елі үшін, жері үшін күрескен, жанын пида еткен. Бізде негізі Бауыржан Момыш­ұлы атындағы ведомостволық наградалар бар. Ал бұл ретте мемлекеттік наградалар шығарылып жатса, мен оны қолдар едім. Сонымен қатар әскери жоғары оқу орын­дарын, мысалы, бізде бұрынғы Ал­маты жалпы әскери командалық училищесі Кеңес Одағының маршалы Корниковтың атымен аталды, неге соларға өзіміздің ұлттық батырларымыздың есімін бермеске? Қазақта «адассам – сұраушым, жоғалсам – іздеушім бар» деген аталы сөз бар. Сон­дықтан батырларымызды өзіміз дәріп­теуіміз қажет. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу үшін осындай шаралар жаса­ғанымыз дұрыс деп есептеймін.



Нығмет АХМЕТҰЛЫ, Түркістан қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы:
– Шымкент қаласында қазір Сабыр Рақымовтың атымен аталатын әскери мектеп-интернаты бар. Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіров атында авиабаза бар. Алматыдағы әскери мектепке Б.Момышұлының есімі берілген. Ал Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің аты­мен аталады. Сондықтан бұл мәселе бір­тіндеп ретке келіп жатыр деп ойлаймын. Енді бұйырса, наградалар да батыр­ларымыздың есімімен берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Қорғаныс министрлігіндегі нақ осы мәселемен айналысатын депар­таменттер бұл төңіректе жұмыс жасаса жақсы-ақ болар еді. Мұны мен әскери адам ретінде сарбаздардың рухын көтеріп, ерлікке, отансүйгіштікке баулуға себі тиетін шара деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста