Жыраулардан бастау алатын жауынгерлік рух қайда?

Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды. Ұлттық, жауынгерлік рухтың жоқтығы пәрменсіз патриоттық әндер туғызып жатыр. Байқау аясында ғана жеңімпаз атанып, ертеңгі күні ел жадынан өшіп кететін «патриоттықсымақ» әндерге не жетіспейді? Ғұмыры қысқа ән тудырушы композиторларға да қатаң талап қою қажет пе?
Ерлік туралы сөз қозғағанда XV-XVII ғасырда туы желбіреген жыраулар поэзия­сын ауызға алмасқа амал жоқ. Себебі жаугершілік заманда, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, қалмақ-қазақ ұрыстары тұсында елдің намысын жанып, рухын көтерген де – жыраулар. Олар қолына домбырасын алып, данагөйсіп, ақыл айтып, жұртты ел қорғауға шақырып қана отырған жоқ. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай...Ашаршылық, шөл көрмей, арып-ашып жол көрмей...Ерлердің ісі бітер ме?!» деп Махамбет жырлағандай, өздері де қару-жарағын асынып, қандықол ұрысқа тікелей енген. Соғыстан шошынған халықты бірлікке шақырып, басу айтқан ханның кеңесшісі де, саяси мәселелерді ше­шуші ымырашы-саясаткер де бола білген. Жыраулардың халықтың рухын ша­қыратындай жыр туғызуына әлеуметтік қоғамдық жағдай тікелей әсер етті.
Бекболат Тілеуханның орындауында көпшілік жүрегіне жол тартқан әйгілі Ақтамберді толғауында:
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екенбіз?! – деп жорыққа шығар алдында қалың қолдың арқасын аруақты жырмен қоздыра білген. Жырдың тап сол кезде айтылған мақамы белгісіз. Қазіргі орындалып жүргені сазы – Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі. Рухты жырды өр күйге өңдеп салған Жәнібек Кәрменовке қазақтың айтар алғысы шексіз. Сол үрдісті жаңғыртқан Бекболат Қазтуған жырау «Қайран да менің Еділімін» Қазанғаптың «Көкіліне» салып, жырдың да, күйдің де бағын қатар ашты. Елбасының сөзіне жазыл­ған «Елім менің» әнінің әуенін Бек­болат ағамыз өзі ойдан шығармағандығын, халықтық мақам-саздардан жиып-теріп, құрағандығын жасырмайды. Бұдан кеп шығатын қорытынды, қазақтың сан ғасырға созылған ұрыстарында туған жырлардың жауынгерлік рухының биік болғандығына ешкім дау айта алмас.
Ал бүгінгінің рухты әндері, яғни «пат­риот­тық» деген жанрға ие болған әндердің салмағы қандай? Былтыр жылдың басында Мәдениет және ақпарат министрлігі тұңғыш рет халықаралық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізген-ді. Байқауда ең үздік драмалық пьесалар, опералық шығармалар,  балеттік шығармалар, ең үздік камералық музыка, ең үздік қазіргі заманғы әндер, балалар әндері сынға түседі. Елбасымыз Тәуелсіздік мұраттарына сай, жаңа музыкалық шығармалар жазу  жөнінде тапсырма берген болатын. Сол мақсатты орындау барысында туған ол туындылардың халық жадында мәңгіге қаларын да тап басып айта алмаймыз.
Әлия САБЫРОВА, өнертану ғылымының кандидаты:
– Ерлік, жауынгерлік рухты туғызған – жыраулық дәстүр. Жыраулардың көсемдігін неге халық мойындаған? Олар – жауынгер әрі қолбасшы, саяси қайраткер ретінде ханның кеңесшісі, әлеуметтік статусы жоғары орта не егде жастағы адамдар болған. Елге басу айтатындай сөздері өтімді, дуалы ауыз, орақ тілді. Қазақтың жыры не себепті соғыстың алдында айтылған? Жауынгер жыраулар аруақтарын шақырғанда жауынгердің өзі емес, рухтарының күші сыналады деп есептеген. Ер қаруының да өзіндік қасиеттері болған, қылышы­на, найзасына арнап мадақ жырлар айтқан. Дәстүрде отаншылдық рух өзді­гінен қалыптасатын. Жыраулар отанына, елдің басшысына арнайы мадақ жыр арнайды.
Ал Абай өлеңнің мазмұнының терең болуына мән беріп, әнді екінші орынға қойған. Себебі ол – жазба әдебиетінің өкілі, ойшыл ақын. Сондықтан әуенді саналы түрде қарапайымдандырып жібереді. Абайдың пікірінше, тыңдаушы өлең сөзіне, мазмұнға назар аудару керек. Бұл үрдіс қазіргі заманның әуес­қой сазгерлерінің шығармашылығына қатты әсер етті. Қазіргі поэзияда бұрын­ғыдай тереңдік жоқ, себебі ақындар бұ­рын­ғыдай саяси орында отырған жоқ. Әлеуметтік статусы жоғары емес. Әркім өзінің ішкі сезімін, түсінігін жаза­ды. Олар бүкіл қоғамдық проблеманы көтермейді. Қазіргі композиторларды «симфония, опера шығар» деп еуропа­лық жанрға бағыттайды. Оларға дәс­түр­дің ізіндегі адамның намысын оята­тын шығарма шығару қарапайым дүние де, ал симфония жасау – мәртебе. Сондықтан жаңа буын композитор­лары­на қазақы тәрбие, оқу-білім сала­сы­на өзгеріс керек. Композитор­лар­дың музыкаға деген көзқарасын қазақылан­дырып, ең алдымен дәстүр­лі өнерді үй­ре­нуден бастау керек. Өзінің төл өнерін білмеген адам өзінің қиялына келген шығарманы жаза береді.

ТҮЙІН:
Еліміздің Әнұраны таңдалар тұста да Шәмші атамыздың «Менің Қазақстанымы» қалың көпшіліктің көңілінен орын алғандығымен таңдалды. Оған ешкім таласа да алмайды. Себебі бесіктегі балаға – жаялық, қауқарсыз қарияға таяныш болып, санамызда жатталып қалған бұл әннің оза шаппауы мүмкін емес еді. Лайым өрелі де қазақы бояуы қанық, рухымызды көтеретін ән тудыратын жаны қазақы композиторлар туа берсін!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста