Семейде жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
20 маусым 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқарып келе жатып, Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысты.
Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.