Қызылорда облысы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында жол апаты болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
11 маусым Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл автокөлік соқтығысты.
Салдарынан 3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.