30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.