Қарағандыда 41 жастағы жүргізуші көлігімен бірге өртеніп кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.
Болжам бойынша жол бойындағы ағашқа соғылып, Мерседес маркалы көлігінің ішінде қайтыс болған.
Көліктің не себепті өртенгені белгісіз.
Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу жүріп жатыр.