13 шілде сағат 00:10 шамасында Петропавл қаласы Қожаберген жырау көшесінде ЖКО болып, нәтижесінде 38 жастағы ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігіне белгісіз жерде шыққан жаяу жүргіншіні басып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
19 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келді.
Сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350" жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты. Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер медициналық мекемеге жатқызылды.
37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.
ЖКО фактілері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 345-1-бабының 1-бөлігі бойыншасотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қамалды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр. Анықтау жүріп жатыр.