15 маусым күні сағат 04:42 шамасында Петропавл қаласы Сәтпаев көшесінде жол апаты болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына келгеннен кейін 21 жастағы ер адам BMW 530 автокөлігін басқару кезінде рөлді басқара алмай, ағаш пен бетон плитамен соқтығысып, содан кейін тұрған гаражбен соқтығысқаны алдын ала анықталды.
Автокөлік жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қамалды.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.