Жетісу облысында көлік дөңгелегінің жарылуы адам өліміне әкеп соқтырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
BMW автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 192 шақырымында, рульге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді.
Оқиға орнында 20 жастағы қыз көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі мен жолаушысы Сарыозек ауруханасына жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда.
Құрметті жүргізушілер, өз көлігіңіздің техникалық жағдайын мұқият қадағалауды сұраймыз. Дөңгелектердегі «резеңкені» дер уақытында (жыл маусымына сәйкес) ауыстырыңыз. Жол ережесі мен рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтаңыз. Автокөлікті басқару кезінде Сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.