Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 6 шілде Шалқар ауданының аумағында, Самара-Шымкент тас жолының 1235 шақырымында болды.
Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.