Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo жүк көліктері соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
ЖКО фактісіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
ПД көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.