Алматыда жантүршігерлік жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жолаушылар орындығында отырған бойжеткен қаза болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Қайғылы оқиға Сүйінбай даңғылында, «13-әскери қалашық» ықшамауданына жақын жердеболған. Бұл туралы Zakon.kz порталы тілшісі жазды.
Сүйінбай даңғылы бойымен солтүстік бағытта келе жатқанда BMW 3 автокөлігінің жүргізуші рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетіп, көше шамының бағанасына соғылған.
«Көлік жолаушы орытған жағыменсоғылған. Салдарынан жолаушы орындығында отырған бойжеткен қыз көз жұмды. Жүргізуші жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.