Алматы-Өскемен тас жолында әйел адам мен бүлдіршін қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде Көксу ауданында Subaru Legacy автокөлігінің қатысуымен болды. Алматы-Өскемен автожолының 190 шақырымында шетелдік көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді.
Жол апатында әйел адам мен бүлдіршін бала мерт болды. Әр түрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған бала бар. Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.