Алматы облысында көлік қаққан 9 жастағы қыз аяғынан айырылды

Алматы облысында көлік қағып кеткен 9 жастағы қыз аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады.

 

Кадрда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелін елемей, жолдың қарсы жолағына шығып кеткенін көруге болады.

 

Ол жылдамдықпен келіп жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

 

Жазба астына жәбірленушінің туысы жол апатынан бала зардап шеккенін жазған.

 

Алматы облысының полицейлері жол апатына қатысты пікір білдірді.

 

"14 шілдеде сағат 09:00 шамасында Қарасай ауданындағы көшеде келе жатқан 30 жастағы Lexus автокөлігінің жүргізушісі 9 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаймыз. Кейін жол жиегінде тұрған Mercedes маркалы автокөлікпен соқтығысқан", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Аленов.

 

Құқық қорғау органдары бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша Қарасай ауданының ПБ-да терогеліп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта ЖКО мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.

 

Зардап шегушінің туысының айтуынша, қыздың сол қолы мен сол аяғының саусақтары жарақаттанған. 18 шілдедегі жағдай бойынша қолды аман алып қалды, ал аяғын кесуге тура келді. Бүгінде қыз Алматы қаласының 2-ші қалалық балалар ауруханасында жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста