Қазақстан велоспортына – 100 жыл

Қазақстан велоспортына – 100 жыл

Велоспорттан Қазақстанда бірінші рет өтіп жатқан Азия чемпионатында велотрекшілер өз бәйгелерін аяқтады. Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өткен құрлық біріншілігінде Қазақстан велошабандоздары сегіз медаль (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) еншіледі, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Азия чемпионаты ересектер және жасөспірімдер арасында қатар өткізіліп жатыр. Тректегі жарыстар 22-26 мамыр аралығында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтті. Енді тас жолдағы велобәйгелер бүгіннен бастап, 1 маусымға дейін Қарағандыда ұйымдастырылатын болады.
Құрлық біріншілігіне 30 мемлекеттен жалпы саны 500-ден астам велошабандоз қатысып жатыр. Азия чемпионатын қазақ топырағында өткізу ел велоспортының 100 жылдық торқалы тойына орайластырылып отыр. Осы ретте айта кетейік, биыл Қазақстанда велоспорттың дамытыла бастағанына – 100 жыл.
1914 жылы 6 шілде күні Ақтөбеде бірінші веложарыс ұйымдастырылып, онда қарапайым еңбек сабағының мұғалімі С.Забиров жеңімпаз атанған...
Бірінші күн: бір қола
Азия чемпионатының ашылу салтанаты ұйымдастырылып, онда ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев сөз сөйледі. «Қазақ топырағында Азия чемпионатын өткізу ел велоспортының даму қарқынына жаңа серпін береді» деді спорт басшысы. Сондай-ақ ҚР велосипед спорты федерациясының вице-президенті сөз сөйлеп, Қазақстан велоспортының Ақтөбедегі ең алғашқы жарыстан Лондон Олимпиадасындағы ерен жетістігіне баға беріп өті.
Бұл күні жеті медаль жиынтығы сарапқа салынып, Қазақстан велотрекшілері бір қола жүлдемен ғана шектелді. Атап айтқанда, бойжеткендер арасындағы (жасөспірімдер санатындағы) скретч бәйгесінде Светлана Рябова үшінші орынға ие болды.
Бірінші күні Оңтүстік Кореяның жас таланты мен Малайзия велотрекшісі Азия рекордтарын жаңартып (екеуі де гит бәйгесінде), "Сарыарқа" велотрегінің беделін өсірді.
Екінші күн: екі алтын, бір күміс
Біздің велотрекшілер үшін құрлық біріншілігінің екінші күні олжалы болды.
Әсіресе жас жеткіншектеріміз ерекше қуантты. Әуелі бойжеткендер арасындағы 2000 метрлік ізге түсу жарысының жекелей сынында Екатерина Юрайтис Азия чемпионы атанды.
Ол осы қашықтықты 1:16.089 уақыт ішінде жүйткіп өтіп, Азия рекордын да жаңартты. Бұған дейігі Азия рекордшысы, жапон қызы Сузуки Нао да "Сарыарқа" велотрегінде бәйгеге түскен болатын. Бірақ ол екінші орынмен шектеліп, біздің Екатеринаға жете алмады.
Бозбалалар арасындағы тура осы бәйгеде, бірақ 3000 метрлік қашықтықта (яғни жекелей сындағы ізге түсу жарысында) Роман Василенков та бірінші орынға ие болып, Азия чемпионы атанды.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы 25 шақырымдық мэдисон бәйгесінде Қазақстан құрамасына күміс медаль бұйырды. Никита Панасенко және Павел Гацкий жұбы Гонконг құрамасының жігіттерін ғана алға жіберіп, екінші орынға ие болды.
Өкінішке қарай, ерлер арасындағы ұпай жинап, сынға түсу бәйгесінде Павел Гацкий жүлделі орындарға сынық сүйем жетпей, төртінші орынды қанағат тұтты.
Үшінші және төртінші күндер: бізге жүде бұйырмады
Алғашқы екі күнде төрт медаль олжалаған велотрекшілеріміз Азия чемпионатының үшінші және төртінші күндері жүлделі орындарға іліге алмай, аузымыды құрғақ шөппен сүріттік.
Жексенбі күні Диас Өмірзақовтан ерлік күткен едік. Алайда Диастың бағы жанбай, скретч бәйгесінде алтыншы орынды қанағат тұтты. Бірақ дәл осы күні жерлестеріміздің ешқайсысы Диастан жоғары нәтиже көрсета алмады. Сондықтан Өмірзақовтың бұл көрсеткішін де жоғары бағалаймыз.
Ал Азияның алпауыттары тізгіндерін тартпай, көсіле сілтеді. Алғашқы төрт күннің ішінде Қытай велотркшілері 10 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Оңтүстік Корея велотрешілерінің жүлделері көп болғанымен, алтындары олардан кем түсіп, екінші орынға орналасты. Бұл елдің қоржынында 6 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль бар. Гонконг 3 алтын, 3 күміс, 4 қоламен үшінші орынға жайғасты.
Бесінші күн: ең сәтті күн
Азия чемпионатының бесінші күні немесе велотрек бәйгелерінің соңғы күні Қазақстан велошабандоздары «қамшыны» басты. Төрт жүлде олжалап, бапкерлерін де, жанкүйерлерін де қуантты.
Таңертеңгі бәйгелерден екі жүлде еншіледік. Әуелі жасөспірімдер арасындағы 4000 метрлік командалық ізге түсу жарысында Қазақстан құрамасының қыздары (Екатерина Юрайтис, Надежда Женелева, Фаина Потапова және Светлана Рябова) бірінші орынға ие болып, алтынмен апталды.
Бозбалалар арасындағы тура осы бәйгеде Қазақстан құрамасының жігіттері (Асылхан Тұрар, Владислав Николаенко, Владимир Цой және Владислав Филипович) екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Олар бірінші орынды иеленген Корея құрамасына 3 секундтан сәл ғана асатын уақытпен есе жіберіп алды.
Түстен кейін ел қоржынына тағы екі медаль түсті. Қыздар арасындағы ұпай жинап, жарысу бәйгесінде Надежда Женелева үздік шығып, Азия чемпионы атанды. Бозбалалар арасындағы тура осы бәйгеде Роман Васиенков екінші орынға ие болып, күміс жүлде жеңіп алды. Оның алдын тек Гонконг велошабандозы орап кетті.
Азия чемпионаты Астанадан Қарағандыға ойысады
Сөйтіп, Қазақстан велошабандоздары "Сарыарқа" велотрегінде өткен құрлық біріншілігінен сегіз медаль (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) олжалады. Велотрекшілер арасындағы жарыстар толықтай аяқталды. Енді Азия чемпионаты Астанадан Қарағандыға ойысып, тас жолдардағы (ашық аспан астындағы) бәйгелер басталады. Бүгін кешке Қарағандыдағы мұзайдын кешенінде командаларды таныстыру рәсімі өткізіледі. Ал ертең велошабандоздар сөреден жеке-жеке шығатын жарыс басталады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста