Ұлттық ойындарымыздың қадірін білуіміз керек

Ұлттық ойындарымыздың қадірін білуіміз керек

Өткен жылы  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде "Білім беру саласындағы жаңашылдық - білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерінің компонентін енгізу болады", - деген еді. Бұл біраз жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Енді міне, «сабақты ине сәтімен» дегендей, ұлттық спортты өркендету жолындағы істер де жүзеге аса бастады. Кез келген ұлттың келбеті де, мінезі де, болмысы да ұлттық ойындарынан көрініс табады. Сондықан ұлттық ойындарды дамыту, насхаттау  біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Елемес Әлімханұлы өзінің баспасөзге бірген сұқбаттарының бірінде ұлттық ойындарды насихаттауды балабақшалар мен мектептерден бастаған жөн деген пікір айтқан болаын. Бұл өте құптарлық ой. Халқымыздың ұлттық ойындарының ішінде балабақшадағы, мектептегі бала­лар­дың жасына лайықталған асық пен бестастан басқа да ұлттық ойындар көп. Балабақшадағы балаға асық ойнату оның денсаулығғына пайдалы. Одан бөлек, ұлттық ойындар ұрпақ бойына ұлттық құндылық­тарды сіңірудің бір  жолы.

«Ұрпағымыз балабақшадан бастап ұлттық ойындардың қадірін ұға білсе, келешекте өз елінің нағыз патриоты болып қалыптасар еді. Қазіргі таңда қазақ хал­қында, тіпті түркі халқында ұлттық спорт ойындары болмаған деген секілді көзқарас қалып­тасқан. Алайда бүгінгі күні бар нәрсеміздің қадірін білмегендіктен ұмытылуына, біреулердің мүлдем болмады деуіне жол беріп отырмыз. 70 жыл бойына Кеңес Ода­ғының құрамында болып, ұлттық деген нәр­сеге жеткілікті көңіл бөлмеуіміздің сал­дарынан құндылықтарымыз ұмытыла бас­тады. Ұлттық ойындарымыз балабақ­шалар мен мектептердің, ЖОО-ның оқу бағдар­лама­сынан шеттетілуінің нәтижесінде біздің халқымызда ұлттық спорт ойындары болмаған, бәрін сырттан алып отырмыз деген көзқарас қалыптасуда. Ал егер ұлттық ойындарды жандандырып, күнделікті оқу процесіне, дене тәрбиесі жаттығуларының қатарына қосатын болсақ, дене жаттығу­ла­рының толыққанды жұмыс істеуіне ықпал етер еді. Этностың ерекшелігін ескеретін этнопедагогикалық дене тәрбиесі болмай, ұлттың дене тәрбиесі қалыптаспайды. Оның ішінде ұлттық спорт түрлерінің орны ерекше», дейді Елемес Әлімханұлы.

 

Қазаққа жанашыр көптеген зиялы адамдар қазақтың ұлттық ойын­дары Наурыз мерекесінде ғана ойналатын дәстүр түрінде ғана қалмай, жаппай халық арасына кең тараған ұлттық ойынға айнал­са деп тілейді. Белгілі  этнограф Жағда Бабалық атамыздың зерттеулерінде ұлттық ойындары­мыздың 300-дей түрі бар екені айтылады. Қазір солардың 20-дай түрі ғана халық есінде сақтал­ған. Халқымыздың басынан өткен қилы-қилы кезеңдерге орай, ұлттық спорт ойын­дарының көбісі ұмытылып кеткен. Дәл қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін дамы­туға енді-енді көңіл бөліне бастады.

 

Тазы, жылқы, қыран сәндік үшін өсіріліп, ұлттық спорт ойындары ұлттық мерекелерде ғана көрсетілер көр­меге айналмауы керек.

Қазақтың ұлттық ойындары – халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тіл мен ділдің, батылдық пен батырлықтың, ептілік пен қайсарлықтың және дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі һәм халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғи жалғасы.

Қазақтың ұлттық ойындары деген ұғым ұлттық спорттық ойындар деген түсініктен анағұрлым кең. Бұл жөнінде белгілі спорт тілшісі Айқын Жаппар жазған болатын. Оның айуынша, мысалы, «Бес саусақ» ойыны. Мұны спорттық ойынға жатқыза алмаймыз. Есесіне, баланы тәрбиелеу мен жетілдіре түсуге орасан зор философиялық мағынасы бар қарапайым ойын. Бұл ойында саусақ атаулары ғана үйретілмей, саусақпен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті көрсетіледі. «Қуырмаш» деп аталатын төрт түлік мал мен олардың төлдерінің атаулары үйретілетін түрі тағы бар. Ұлттық ойындарымыздың мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық мәні тым асқақ. Әрі тәрбие үрдісінде пайдаланылу өзектілігі басым.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер ұлттық ойындарды бірнеше топқа жіктепті: жалпы ойындар; қарсыласу және күресу сипатындағы ойындар; ашық алаңқайдағы ойындар; қыс мезгіліндегі ойындар; демалыс ойындары; ат үстіндегі ойындар; аттракциондық-көріністік ойындар.

«Халқымыз ойынды тәрбие құралы деп таныған. Жас балаларға арналған ойындарда ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына ерекше мән берілген. Маңызды ойлау операцияларының (талдау, салыстыру, қорыту) жетілуіне ықпал етеді. Халқымыз ойынның адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып дүние екендігін білген. Ойынның тәрбиелік маңызы – баланы зеректікке, білгірлікке баулу. Бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтарын асыл қазыналарын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретіп, батылдыққа, өжеттікке тәрбиелеген. Сөздік қорларын байытуға тырысқан. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі. Ұлттық ойындарымызда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі қамтылып, халықтың асыл мұрасын баланың бойына сіңіру қарастырылған. Сондай-ақ адалдық пен күштілікке ұмтылу, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық секілді құндылықтарға мән берілу байқалады. Мұның бәрі – халық данышпандығының белгісі. Буыны бекіп келе жатқан балаларды мергендікке, жылпыңдыққа, ептілікке баулитын спорттық ойындарымыз да баршылық. Үлкенге де, кішіге де арналған, өмір бойы құндылығын жоғалтпайтын ойындар да жетерлік» деп жазды ол өзінің мақаласында.

 Мүслімов Серік Бөгетбайұлы

№86 мектеп-гимназиясының 

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста