ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

ЧЕКЕТАЕВА РОЗА САРҚЫТБЕКҚЫЗЫ
Өскемен қ., тарих ғылымдарының кандидаты. «БАҰО «Өрлеу» ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция дегеніміз: (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен орта буын оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан–жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Осыған орай мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы» жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән берілді.
Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру - ұстаздар қауымына ортақ іс. 2015 жылдан бастап әлемдік тәжірибеге сүйеніп 12 жылдық оқытуды бастау күн тәртібінде тұрған келелі мәселе. Осының бәрі ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы. Ел экономикасын өркендету, бәсекеге қабілетті болу тек қана кемел біліммен келетіні анық. Ұлттық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне шығуы, әлемдік стандарттарға сай қызмет етуде елімізде жоғарғы оқу орындары көптеген іргелі өзгерістерді бастан кешуде. Жалпы отандық жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейге шығару – Президенттің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда да анық көрсетілген. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман дайындау еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының мақсаты мен міндетіне айналып отыр. Бүгінгі таңда әлемдік университеттердің арасында лайықты орынға ие болу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Еліміздегі білім беру саласы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасы төңірегінде «БАҰО «Өрлеу» ШҚО ПҚ БАИ ұжымыда Ұлткөшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Стратегиялық бағдарламасында қазіргі заманға сай білім берудің интеграциялық бағамдамаларының негізіне сай қызу еңбек етуде. Әсіресе, жоғары оқу орындары білім беру ісімен шектеліп қалмауы тиісті екендіктерін терең түсінген ғылыми көпшілік қолданбалы және ғылыми зерттеушілік бөлімшелерін құрып, дамытуы қажеттіктерін басшылыққа алуда. Жалпы, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы елімізді онан әрі дамытудың алдағы кезеңге арналған ауқымды бағдарламасына айналып отыр. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 22 жылда дәулетіне сәулеті сай, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Қазір Қазақстан – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарына берік қуатты мемлекеттердің бірі. Әлемдегі алмағайып дағдарыстар мен қиыншылықтарға қарамастан, экономиканы қарқынды дамытудың инновация мен индустрияландыру жолына түсіп отырмыз. Әрине, тым құбылмалы тарихи жағдайда жаңа сын-қатерлерді лайықты еңсеру үшін жаңа саяси бағыт, яғни «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдау қажет болды. Президент өз сөзінде елдің шешілуге тиісті міндеттері сапалық тұрғыдан өзгергенін атап көрсетіп, кезекті дүниетанымдық серпіліс жасау керектігін ескертті. Бүгінде мемлекетіміз кемелдену кезеңіне аяқ басты. Демек, бүгінгі күн тәртібі елдің қалыптасу кезеңіндегіден өзгеше кезең, дамуымыздың жаңа межесі ретінде 2050 жылдың таңдап алынуы жайдан-жай емес. Президентіміз мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясын негізге ала отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. Олар – жаңа бағыттың экономикалық саясаты, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны өркендету, салиқалы сыртқы саясат және қазақстандық патриотизмді дамыту сынды қадау-қадау мәселелер қамтылған. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының өн бойынан әлеуметтік салаға ерекше мән берілетінін білеміз.
Нұрсұлтан Әбішұлының сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми-инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, жастардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі және тағы басқалар. Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне озық әдістеме мен технологияларды енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне еркін енуге болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осыған байланысты «БАҰО» Өрлеу» АҚ білім берудің әлемдік озық инновациялық технологиясын кеңінен игеруге бағытталған нақтылы іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процесстер кеңістігінде әлемдік елдердің озық тәжірибелерінен тәжірибе жинақтау негізі басшылыққа алынуда. Елбасының индустриалды - инновациялық даму жолын ұсынуы – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Инновациялық дамуымыздың қозғаушы күші ретінде елімізде құрылған технопарктер таңдап алынды. Бүгінде аймақтық технопарктерге, ең алдымен, Қазақстанның бар өңірін инновациялық-индустриалды жағынан бірдей дамытуы үшін озық деген әдістер жүзеге асырылуда.
«Жастық шақ – бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…», – деген екен ұлы ойшыл Бернард Шоу. Сондықтанда біздің реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс. Сенім артып отырған осы жастардың күш-жігері мен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысы – көп ретте біздің бастамалар табыстылығының кепіліне айналады. Жас ұрпақ жаңа идеяларды ашық, жаһандық тұрғыда пайымдап, болашақтың категорияларымен ойлайды. Пайымдай келгенде, болашақта елді дамытудың басты жолы интеллектуалдық ұлт қалыптастыру екендігіне сенімдіміз. Интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда үш базалық аспекті бойынша нақты әрі жүйелі түрде алға жылжу бар. Білім, ғылым және инновация салаларын дамытудың жаңа жолдары әзірленді. Олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау механизмі жасалып, заң жүзінде бекітілді. Бұл адам капиталын дамытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстан адами капиталды дамытудың жаңа жүйесіне көшті. Бұл ұзақ процесс. Қазір оның базалық негіздері қалыптасты, бұл істі ары қарай дамытуға барлық жағдай бар. Мемлекет басшысы елдің барлық ресурсын (білім, ғылым, бизнес) жұмылдырып, Қазақстанның серпінді дамуына жол ашып отыр.
Қазақстан Болон процесіне ресми түрде қосылды. Бұл халықаралық интеграцияның мүлдем жаңа кезеңіне жол ашты. Ең бастысы – Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелген. Сонымен қатар, үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіп кәсіпорындарымен жоғары оқу орындарын жан-жақты біріктіру мақсатында жыл сайын шетелде 100 адамға дейін профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру ұйымдастырылатындығы атап көрсетілген. 2015 жылға қарай бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет: біріншіден, техникалық және кәсіптік білім құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту, екіншіден, экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту, үшіншіден, техникалық және кәсіптік білім беруде оқыту беделін арттыру, төртіншіден, өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау керек. Елбасының Жолдауында халықты жұмыспен қамтуда мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кәсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау және барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде теориялық білім мен практикалық шеберлікке бірдей шыңдалған жастар қоғамға ауадай қажет-ақ.
Сонымен қатар, Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет. Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім осы тәжірибені ескергеннің жемісі. Уақыт өте келе олардың қатары көбеймекші. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс. Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио институттарының әлемдегі үздік институттарға айналуына мүмкіндік берді. Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады.
Қазіргі ғылым мен өндіріс бір мезгілде мамандану мен интеграциялану бағытында дамиды. Кәсібімен байланысты іс-әрекет түрінде әр түрлі ғылым салаларынан алған білімдерін жұмылдыра пайдалана алуға қабілетті кең салалы мамандарға қажетсіну артады. Мұндай мамандарды даярлауда жүйелі ойлауды, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың бірлігінде көре білу іскерлігін дамыту бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Интеграцияланған таным нәтижелері – жалпы ғылыми идеялардың, әдістемелік принциптердің, жүйелік талдау әдісінің мәнділігі қазіргі қоғамда артқандығы сондай ғылыми интеграция өнімдерін үйрету оның негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін – білім берудің мазмұнын, формаларын, технологиясын біртұтастыққа біріктіре отырып оның тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграция білімнің игерілуін, іскерліктер мен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-әрекетінің белсенді болуына, теориялық білімдердің студенттерге оқу-өндірістік іс-әрекеттеріне тасымалдануының жүзеге асуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның жүзеге асуы білікті мамандардың кәсіби даярлығын кеңейтуді және олардың өзара байланысты кәсіптердің тобына даярлауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчестволық ойлау әлеуеті шешуші мәнге ие болады. Соның нәтижесінде білім барынша құнды және әрдайым талап етілетін ресурсқа айналады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне асыратын болса ғана, шешілетін болады. Мәселен, осы заманғы білім беру саласындағы қызметкерлердің жұмысын қарастыратын болсақ, ол педагогикалық білімдердің ғана емес, сонымен бірге менеджерлік қабілеттердің кең ауқымына ие болуы да тиісті. Өйткені ол білім идеясының туындауынан, оны талдап-жасау, жобалау, экономикалық негіздеу, экологиялық салдарын бағалаудан – дайын өнімді шығарғанға дейін өзіне қандай жолдан өтуге тура келетінін білуі тиіс. Педагогикалық саладағы жақсы кәсіби әзірлікпен оны басқару саласы сенімді білімге негізделуі керек. Бұдан басқа шетел тілдерін, макроэкономиканы және өзге елдердің құқықтарын білуқажеттілігі артуда. Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан да күні ертең ғалымдар және қазақстандық компаниялардың менеджерлері болатындар бүгінде біздер білім беріп, тәрбиелеп отырған жас ұрпақ өкілдері терең зерделеп, зор білім алуға ұмтылуға жауапты болса, біздер педагогтар, сол жастарға қай жағынан алып қарағанда да озық білім беруге жауаптымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж 14 желтоқсан)
2 Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «Новое десятилетие - новый экономический подъем новые - возможности Казахстана». www. akorda,kz.
3 ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста