Мультимедиа технологиясы және дәстүрлі оқыту формасын оқыту үдерісінде қолдану ерекшеліктері

Мультимедиа технологиясы және дәстүрлі оқыту формасын оқыту үдерісінде қолдану  ерекшеліктері

Мультмедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экрандарында кез-келген қажетті хабарлармен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншіліктер тудырады. Мультмедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арттырумен және хабарларды өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Оқушыларды сынып - сабақ жүйесі шегінде көптеген оқу пәндеріне оқыту арнайы кабинеттерде өтеді. Оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Сондықтан сынып - сабақ жүйесінің тиімділігін жоғарлату кеңістігі кабинеттерді оқытудың дидактикалық және техникалық құралдармен толықтырумен және сабақ типтері мен олардың модульдерін жүзеге асырумен байланыстырылады. Мультимедиа технологиясы, басқа бір нәрсе сияқты, бұл дидактикалық ізденістің екі бағытын қабылдауға мүмкіндік береді.
Төмендегі кестеде дүстүрлі оқыту мен мультимедиа технологиясы салыстырмалы түрде көрсетілген.
Кесте 1
Дәстүрлі оқыту үлгісі мен мультимедиалық технология құралдары арқылы оқыту үлгісінің салыстырмалы сипаттамасы

Қазіргі кездегі мультимедиа технологиялары компьютерлендірілген сыныптағы, мысалы, интерактивті тақтасы бар пәндік сабақ жайында айтуға мүмкіндік береді.
Мұндай сабақта мұғалім, өзінде бар барлық әдістемелік тәсілдердің арсеналын сақтай отырып, оны көптеп мультимедиа технология мүмкіндіктерімен көбейте алады. Ол үшін, барлығынан бұрын, сабақ құрылымында жеңіл еңгізуге болатын мультимедиалық құралдар қажет.
Мультимедиялық технология құралдары – компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үрдістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық (компьютер, интерактивтік тақта, принтер, проектор, телекоммуникациялық блок, пернетақта және тышқан, компьютер құрылғыларын басқару, сыныптағы және мектептегі желі, дыбыс-бейне құралдары) және программалық құралдар (интернет, виртуалды конструкторлар, жаттықтырғыштар, компьютерлік тест программалары, электрондық басылымдар, басқарудың ақпараттық жүйелері).
Білім берудегі электрондық басылым білімнің сәйкесінше ғылыми-практикалық аясындағы оқушылардың білім, білік және дағдысын белсенді және шығармашылық меңгеруін қамтамасыз ететін жүйеленген материалдар жиынтығынан тұрады. Бұл құралдар сабақты жаңаша өткізуге, жекеше алғанда оқушылардың ана тілі сабақтарында білім беру сапасын жаңа деңгейге жеткізуге жағдай жасайды деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі оқыту барысында оқушы мұғалім мен сыныптастарымен қарым-қатынасқа түседі. Ал мультимедиалық технология құралдары қолданылған сабақтарда компьютермен қарым-қатынас жасауға және танымдық, ақпараттық .
   Мультимедиа технологиялары оқушыны дайын оқу матреиалының тек қана меңгерушісі емес, сонымен қоса оны құрудың, қалыптасуының, жедел қолдануының қатысушысы ретінде шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі бар мультимедиалық курстар мен білім берудің бағдарламалық өнімдері бүгінгі күннің өзінде сабақты жаңаша түрде құруға мүмкіндік туғызуда.
Мультимедиа технологиялары оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың мүмкіндіктерін өлшеусіз кеңейтуде және дәстүрлі оқыту шегінде табылған перспективалы әдістемелік жұмыстардың өте үлкен әлеуетін тәжірибе жүзінде нақтылауға мүмкіндік береді, бірақ қажетсіз болып қалды немесе қандай да бір нақты объективті себептердің күшінде қажетті нәтижені бере алмады[4].
Сондықтан мультимедиа технологиялары тіптен түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдану жағдайында да оқушылардың ішкі белсенділігін бастамашылық етуге және ынталандыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы білім. Алматы, РОНД, 2002. – 360 б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007
3. Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері //«Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Атырау, 2006, 59-62 б.
4. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын арттырудағы компьютерлік ойындардың рөлі //«Білім беру жүйесін трансформациялау тұрғысындағы әлемдік білім саясаты» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы-Москва, 2006. –Т.2, 130-135 б.
5. Бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттырудағы мультимедиалық технология құралдарының маңызы //«Білім беру жүйесін трансформациялау тұрғысындағы әлемдік білім саясаты» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы-Москва, 2006. –Т.2. 135-140 б.

 

Нұрғазина Жұлдыз Мұхаметбекқызы,
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» факультетінің магистрі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста