Мектеп пен жанұя бірлігі – оқушыларды саналы дамытудың бірден – бір құралы

Мектеп пен жанұя бірлігі – оқушыларды саналы дамытудың бірден – бір құралы

Біздің басты міндетіміз бала тәрбиесі – өмірдің ең өзекті мәселелерінің бірі. Қай кезде болсын отбасы бала тәрбиесінің мәселелері назардан тыс қалған емес. Бұл туралы аса көрнекті педагог В.Сухомлинскийдің мына ойын айтуға болады: «Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы». Біздің елімізде халқымыздың ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы – отбасы болып саналады. Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. Осындай дәуірде Мағжан Жұмабаев былай деген екен: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін қорықпастан серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт болады. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық».
Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Бұндай мәселені шешуде көптеген ойшылдар мен ғалымдар өз үлестерін қосқан. Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко еңбектерінде кеңінен орын алады.
М.Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.С.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекер емес. Ал Пинттің пікірінше:ата-аналар балаға жақсы тәрбие беруі үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез-келген ата-анаға педагогикалық ізденістер қажет. Олар балаларды суықтап қалудан, әртүрлі аурулардан қорғап, алдын алып жүреді де дөрекі сөздер мен әрекеттер арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді дей келе, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, елестету және ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуын ұсынады.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып, рухани адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалатыны белгілі. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, пайда келтіре алмайды» деген, қазақтың белгілі ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсариннің ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын ролін айрықша атап көрсеткен бұл сөзі, бүгінде өз мән-маңызын жойған жоқ. Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп,ол туралы да өзіндік ойлар қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзің үшін оттаған айуаннын бір боласың.Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың»-деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата-ана балаға сыншы». Бала уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жастайынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді.
Ежелгі грек ғалымы Платон «ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған. В.Г.Белинский «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Ал, Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деген пікір білдірген екен. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөлді атқарған, оның негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Бұған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген астарлы ойы дәлел. Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын «Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айту балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара бірлігін нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық, бірлік және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің келешегі болатын балаларды тәрбиелеу,оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеттердің бірегейі болмақ дегім келеді.
Райхан ӘБДІРОВА Қарасай ауданы Қаскелең қаласы Алтын ауыл орта мектебі
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста