Бүгінгі тақырып: Топырақтың түрлері мен қасиеті

Бүгінгі тақырып: Топырақтың түрлері мен қасиеті

Алматы облысы, Ақсу ауданы
ГЭС бастауыш мектеп мемлекеттік мекемесі.
Ж.И. Уайсова

Бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың түрлері мен қасиеті
Сабақтың мақсаты:  
1.Топырақ түрлері мен қарашіріктің пайда болу жолдарымен таныстыру. Өз жерлерінің топырақ түрлерін анықтау.  Топырақ түрлерінің су өткізгіштік қасиетін анықтау арқылы қандай топырақта өсімдік өсуге қолайлылығы туралы түсінік беру;
2. Сөздік қорын, ой-өрісін  дамыту. Оқушылардың топырақ, топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау;
3.Табиғатты аялап, қорғауға, сүюге, бағыт беру арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі топырақтар,  әртүрлі топыраққа өскен өсімдіктер, плакаттар, Қазақстан  картасы.
Сабақтың түрі: Аралас  сабақ.
Сабақтың әдісі: оқу, әңгімелеу, сұрақ жауап, іздену.
Сабақтың  жүрісі:   

І.  Ұйымдастыру
Оқушылардың даярлығын анықтау.
Сабаққа назарын аудару барысында, психологиялық даярлық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

ІІ.  Үй  тапсырмасын  сұрау.
Тіршілікке не қажет?
Сулы жер қандай жер?
Судың маңызы?
Суды қорғау үшін не істеу керек?

ІІІ. Жаңа  сабақ
Топырақ туралы түсінік беру. Топарықтың түсі мен құрамын талдау.
Топырақтың маңызы, өмірмен байланыстыру.
Күнделікті тіршілік әңгімелеу. Кіріспе
Мына топырақтарға назар аударайықшы, ойланып жауап бер:
Айырмашылығы бар ма?
Ұқсастығы ше?

Тірек сызбамен жұмыс:

Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Түсінгендерін тексеру:
• Сұрақтарға жауап алу, өмірмен байланыстыру.
• Тақтамен жұмыс.

Сарамандық жұмыс
Мына топыраққа назар аударайық. Не байқадыңдар?
Айырмашылығы неде?
Ұқсастығы ше?
Мұғалімнің түсіндірмесі... Топырақ екі түрлі, ...

Білгің келсе:
Ауамен, сумен бірге топырақ  тіршілік  өсімдіктерді  қоректік  көзі, сумен қамтамасыз ететін  жердің жұмсақ қабаты  «топырақ»  деп  аталады. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығы.  Топырақтың  құрамында  әртүрлі қажетті  қоректік  заттар  су,  ауа, саз, құм, шірінді  болады.  Топырақтың  беткі  қабаты  қоңыр түсті болып келеді.  Қарашірік  қабаты.  Қарашірік  қабаты  өсімдіктер мен жануарлардың  шіріген  қалдықтары.
«Қарашірік»  қабатынан  төменде  бозғылттау  қабат  жатады.  Жоғарыдан сіңген  ылғал  бұл  қабаттағы  түрлі  минералдық  заттарды  ерітіп,  төмен  қарай  шайып отырады. Топырақ  қабаттарында  т.б. зат  алмасу  жүріп  жатады. 
Ылғал  жоғарыдан  төмен  сіңсе,  құрғақ  төменнен  жоғары қарай  көтеріліп, өсімдік өзіне қажетті қоректік   заттарды  бойына  алады.
Қазақстан картамен жұмыс, топырақтың түрлерімен таныстыру
Қазақстанның  көпшілік  бөлігі жазық болып  келеді.  Жазық  бөлігінің  топырағы  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  өзгереді.  Орманды  дала  аймағы  қарашірікті топырақ қалыңдығы:  75см-ге  жетеді.
Дала  зонасында  одан жұқалау  қара топырақ,  онда  астық  дақылдары  бидай,  жүгері  егіледі,  өнімі  мол.
Өсімдіктердің  өсуі үшін  топырақтың суды сіңіру  және  бойында ұстауының маңызы зор.  Сазды  топыраққа түскен су сіңбейді,  кілкіп  тұрады. Өсімдікке қажетті  ауа кірмейді. Құмайт  топыраққа  су жақсы сіңгенімен суды бойына ұзақ ұстай  алмайды,   тез  кеуіп  кетеді. Көп  жерлерде топырақ бетіне  тұз шығып  жатады.  Оны «сор» деп атайды.   Өсімдік  әр жерде  бірен-саран  кездеседі.  Топырақты күтіп,  баптамаса  азып-тозады,  өнім  шығыны   азаяды. 

IV. Оқушыларға оқыту. (Тізбектей  оқу)
V.  Дәптермен жұмыс
VI. Тест /үлестірмелі карточка/
1. Топырақ  қандай  қабаттардан  тұрады?
2. Топырақ  қабаттарының ерекшеліктері?
3. Тау жыныстарының  әсеріне  байланысты топырақ қандай  түрлерге  бөлінеді?
4. Өсімдіктің  өсуіне  қолайлы топырақ?
«Ой өрбіту»
-топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
-тәжірибе арқылы топырақтың қандай негізгі қасиеттерін білдіңдер?
 
VII. Түсінгенін  сұрау.
5. «Ой қозғау»
-топырақ дегеніміз не?
-топырақтың ең негізгі қасиеті қандай?
-топырақ неге құнарлы болады?
-топырақтың құрамында не бар?
VIII. Топырақты қорғау үшін қандай үлес қосар едіңдер?

IX. Қорытындылау.
Туған жеріміз – бай ел.  Сен осы елдің  ұланысың.  Қазақстанның  топырағында жүрсің,  ауасымен  демаласың,  суын ішесің.   Туған елді  көркейту үшін  оның  байлығын арттыру үшін  сен  табиғатты танып,  білуің керек. Өз үлесіңді қосуға ұмытпа!
X. Бағалау.  
Үйге тапсырма Түсініп оқу, өзің топырақ туралы тағы не білесің? Ойлан...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста