Аударыспақтан Азия чемпионы атандық

Аударыспақтан Азия чемпионы атандық

Cоңғы жылдары ұлттық спорттың көсегесі көгеріп, мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп келеді. Сан ғасырлық тарихы бар төл спорттың ішінде қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирін өткізу дәстүрге айналды. Сөзімізге дәлел, былтыр көкпардан өткен алғашқы Азия чемпионатынан кейін оны өткізуге басқа мемлекеттер де қызығушылық танытты. Араға жыл салып аударыспақтан Азияның ашық чемпианатының жалауы алғаш рет Астана желбіреді. Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстан балуандары қатысқан білекті балуандар бәсекесі енді 2016 жылы Қытайда өтеді.
Үш салмақ (70, 90, +90) бойынша білекті балуандарды сынға салған бәсекеде он мемлекеттің үкілеген үміттері жеңіс үшін барын салған-тын. Бірақ жеңіс біреуге ғана бұйырады. Ел мен ердің намысы сынға түскен сәтте жігіттеріміздің жігері құм болған жоқ. Астанадағы «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеп, делебесін қоздырған аударыспақ сайысын тамашалауға келген жұрттың қарасы аз болмады. Абырой болғанда, жеңісті қолдан жұлып алған балуандарымыз үш салмақ бойынша да оқ бойы озық болды.
Алаңға алғашқы болып шыққан Қытайдан келген қандасымыз Ақат Қуаныштың бәсі биік болды бұл жолы. Жанкүйерлер дәу де болса жүлдені осы бала алар дескен. Оның негізгі қарсыласының бірі қырғыз баласы Қадыбек Бұзырманқұлұлы 70 келі салмақта еркін ойқастаған оғлан болып шықты. Дегенмен, бұл салмақта біріншілікке Ермек Жәпішев қанжығасынан шығармады. Әлгі екі батыр да қалған екінші, үшінші орынның бәйгесін өзара бөлісті. Сөйтіп, бірінші алтын Қазақстанға бұйырды. Жалпы, 90 келі салмақ бойынша жартылай финалға дейін Моңғолия намысын қорғаған Нұрболат Ережеп пен қырғызстандық Кумушбек Қыдырәлиев барлық қарсыластарын атынан аударып тастаған болатын. Бірақ, біздің Сырым Ізбасаровтың бәсі биік екен. Сабазың қарсыласым мықты екен деп қаймықпайды. Тақымдаған тұлпары да иесін айтпай ұғатындай. Осылайша, ол бабын ғана емес, күштілігін де көрсетіп, теңдессіз екенін дәлелдей алды. Аса ауыр салмақта қырғыз баласы Нұрлан Молдақұлов та бірден көзге түсті. Нұрланның әдісқойлығы мен шапшаңдығы соншалық моңғолиялық Ыдырыш Бағлан мен тәжік Машробов Хуршадтармен болған жекпе-жекте талассыз жеңді.
Соңында, Азияның ашық чемпионатының тамашалауға жиналғандар абсолютті салмақ бойынша өтетін тартысты сәтті асыға күткен болатын. Себебі, бұл салмақтағы жүлде қоры да қомақты және алтын белбеуі тағы бар. Айта кететіні, жарыстың бас демеушісі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының жүлделі орындар үшін, 1 млн. теңге, 700 мың, 400 мың теңге ақашалай сыйлық тіккен еді.
Тартысты чемпионаттың аса ауыр салмақтағы жекпе-жегіне сегіз елдің жігіті сақадай сай болып шықты. Бірақ балуан көп болғанымен жеңімпаз біреу. Финалда қырғыз Нұрлан Молдақұлов пен отандасымыз Біржан Қосалиевтың тартысы оңайға түскен жоқ. Дегенмен, жеңіс біздің Біржанның еншісіне жазылды.
Алғаш рет ұйымдастырылғанына қармастан, аударыспақ ойындары қызыққа толы. Әрбір жекпе-жекте осал болды деуге болмас. Тіпті, атымен бірге құлап, жанкүйердің үрейін ұшырған жекпе-жекті көзіміз көрді. Алаңды қалың шаңға көміп, иесін айтпай ұғатын тұлпарлар да осында жүрді. Жалпы, аударыспақ ойыны сырттай тамашалаған жанды ләззатқа бөлей алатын спорт. Бұл ойынға тек білегінің күші ғана емес, жүрегенің түгі бар жігіттер ғана бара алатындай.
Бекболат ТІЛЕУХАН, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
– Аударыспақ – білектілер мен жүректілердің ойыны. Еліміздің әлем елдері арасындағы биік беделінің арқасында осы керемет спорт түрінен Азия чемпионатын өткізу біздің елге бұйырып отыр. Алғаш рет елімізде өткізілудің басым тұсы халықаралық аударыспақ терминдерінің қазақ тілінде болуы. Бірақ аударыспақ тек қазақтікі десек, бұл асқан «менмендік» болар еді. 2 жылда бір рет аударыспақтан Азия чемпионатын өткізу дәстүрге енгізу жоспарда бар. Келесі Азия чемпионаты 2016 жылы Қытай Халық Республикасында өтеді. Бұйырса, 2017 жылы әлем чемпионатын өткізсек деген ой бар.
Біржан ҚОСАЛИЕВ, аударыспақтан Азияның абсолютті чемпионы:
– Екі ай бойы тынымсыз дайындық өз жемісін берді. Алла қолдап аса ауыр салмақта келі салмақта жеңімпаз атандым. Халықтың қолдауынан қуаттанған менің жеңілуге мүлде хақым жоқ еді. Бапкерлердің, халқымның маған артқан сенімін ақтадым. Қарсылас оңай болған жоқ. Барлығы тек жеңіс үшін келгені белгілі. Ал жеңіске жетуіме тұлпардың да, тактиканың де септігі мол болды.

Азия ашық чемпионатының нәтижесі:
70 келі салмақта:
1-орын Ермек Жәпішев (Қазақстан).
2-орын Ақат Қуаныш (Қытай).
3-орын Қалыбек Бұзырманқұлұлы (Қырғызстан).

90 келі салмақта:
1-орын Сырым Ізбасаров (Қазақстан).
2-орын Нұрболат Ережеп (Моңғолия).
3-орын Кумушбек Қыдырәлиев (Қырғызстан).

+90 келі салмақта:
1-орын Біржан Қосалиев (Қазақстан).
2-орын Нұрлан Молдақұлов (Қырғызстан).
3-орын Зохид Букобоев (Өзбекстан).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста